Түркістан қаласында мектеп түлектері мен жұмыссыз жастарға арналған «Грантқа бір қадам» білім беру жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Мақсат мемлекеттік білім гранттары туралы толық ақпарат ұсынып, жастарға мамандық таңдауда жол сілтеу.


Шара барысында жоғары оқу орындары мен колледж өкілдері өз салаларын таныстырып, грантпен оқуға түсудің жолдарын түсіндірді. Жәрмеңкеге келген 300-ге жуық жас білім беру гранттары туралы нақты мәлімет алып, кеңесшілер мен педагогтерден кәсіби бағыт-бағдар алды.


ӘДІЛ НҰРДӘУЛЕТ, КӨП САЛАЛЫҚ ИНДУСТРИЯЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ ОҚЫТУШЫСЫ

Жастар орталығымен бірігіп оқу орындарымен бірігіпкеремет жәрмеңке ұйымдастырып жатырмыз. Биыл 2015 жылы жұмысшы мамандытар жылы деп Президентіміз жариялады. Жұмысшы мамандықтардың маңыздылығын түсіндіріп сол мамандықтарға біз жастарды дәріптеп болашақта үлкен мамандарды дайындаймыз деген үміттеміз.


Жәрмеңке аясында әр оқу орны талапкерлерге грант бөлінісі мен сұранысқа ие мамандықтар жайлы нақты мәлімет ұсынды. Кәсіптік білім беру ұйымдарының сарапшылары да тәжірибелерімен бөлісіп, жастардың көкейіндегі сұрақтарға жауап берді.


МЕРЕКЕ ҚАЙҚУАЕВА, ҚАЛАЛЫҚ ЖАСТАР ОРТАЛЫҒЫНЫҢ МАМАНЫ

Қаламызда «Грантқа бір қадам» - атты жәрмеңкеміз өтуде. Бұл жәрмеңкеміздің мақсаты, бізде осы барлық колледж мамандарын шақырып осы мектеп бітруші түлектерге коллеждерде қандай гранттар бар қандай мамандықтар грантқа сұранысқа ие. Сол себепті колледж мамандарын шақырып нақты хабар беру.


Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай шаралар алдағы уақытта тұрақты түрде өткізіліп, ауыл және қала жастары үшін тең мүмкіндік қарастырылмақ.