Сіз сырты кәдімгі ала дарбызға ұқсас немесе қап қара қызанақ көргенсіз бе? Ерекше көкөніс түрлерін келестік шаруалар өсіріп жатыр. Бір қызығы шоколад қызанақ адам ағзасына өте пайдалы екен. Қожалық иесі тіпті көкөніс көшеттерін будандастырып жаңа сұрып та шығарып көрген. Тақырыпты жылыжайдағы ерекше көкөніс түрлін өз көзімен көріп қайтқан тілшіміз сабақтайды.


ЖҮНІСБЕК, ЖУРНАЛИСТ

Жылыжайдың ішіне дихандар бірнеше түрлі қызанақ отырғызған. Бұған дейін сары-қызыл түрін көріп келгенбіз. Өздерініңіз көріп тұрғандай жаңа түрлі қызанақ. Бұл кәдімгі дарбыз қызанақ,деп айталады. Ал, мына түрі болса бұл кәдімгі құрмаға ұқсайды бұл шоколад қызанақ,деп айталады екен.


 Шаруашлықтың жылыжай кешенінде тропикалық жемістер де өсіреді. Челидің бірнеше түрі бар.Ең қызығы ғылыми жолмен тұқымы алынған түрі құрма тәрізді қара және сыртқы келбеті қарбызға ұқсас ала қызанақ та өсіріп жатыр.Шокалад дәмдес қызанақ адам денсаулығына пайдасы өте зор. Құрамында ЛЕКАПИН көп,ол ер қуатын арттырады,дейді шаруа.


Нұржан Омаров басқаратын қожалық бірнеше жылдан бері жылыжай шаруашылығымен айналысып келеді. Шаруа заман талабына сай жұмысын жетілдіру мақсатында әлемнің бірнеше елінде болып, олар қолданып жүрген озық технологияны өндіріске ендірген.Үнемі ізденіс үстінде жүретін шаруа 20 соттықтан астам жылыжайда қызанақтардың жаңа Түркия және Голландиялық сортарын егіп сынақтан өткереді.Өскіннің суық пен ыстыққа төзімділігін және өнміділігін көреді.


Кейбір сорттарға уақыт өте келе сұранысы азаяды. Бұл бәсекеге қабілеттілікті тежейді. Сондықтан Дихан шығынға батпас үшін алдын–ала сынақтан өткеріп барып кеңес береді. Шаруаларға сұранысқа қарай көкөніс көшетін дайындайды. Өзі кезінде бірнеше көшет өсіріп, оны бір бірімен пайуандау арқылы қызанақтың жаңа сұрпын да шығарған. Яғни, көшет тамыр арқылы келетін аурулар мен зиянкестерге бой бермейді, дейді шаруа. Нұржан Омаровтың басты мақсаты жалпы ғылым мен өндірісті ұштастырып, көкөністің Қазақстандық сұрпын шығару.