Балалардың бос уақыты болмау керек. Жаз мезгілінің өзінде түрлі шараларға қатысып танымы даму керек. Осылай деген ардагер ұстаздар «ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА – ЖАҢА ҚАРҚЫНМЕН» тақырыбындағы дөңгелек үстел ұйымдастырды. Тақырыпты тілші тарқатады.


Мегаполистегі 290 білім беру ұйымдарының 162 мемлекеттік 128 жекеменшік мектептер. 2025 ші оқу жылында 290 білім ұясын 270 мыңға жуық бала бітіріп отыр. Биылғы оқу жылына 6 жасқа толған 27 546 баланы бірінші сыныпқа қабылдау жоспарланған.


ШОЛПАН АЙТБАЕВА, БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ОРТАЛЫҚ ДИРЕКТОРЫ

Бүгінгі күнге дейін 20740 оқушы қабылданып отыр. Оның ішінде 16500 бала электронды түрді Ал қағаз жүзінде 4200 бала қабылданып отыр. Бұл қабылдануы тиіс балалардың 75 пайызыне құрап отыр.


Дөңгелек үстел барысында маңызды ұсыныстар ортаға салынып, білім беру жүйесін жетілдіруге қатысты ой-пікірлер айтылды. Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты колледждермен кәсіптік колледждердің мамандық дайындаудағы бүгінгі деңгейі, мемлекеттік тапсырыстардың орындалуы мен білім басқармасының психологиялық қолдау орталығының атқарып жатқан жұмыстары туралы баяндалады.


 БАЯН ЖАНДОСОВА, ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ӘЙЕЛДЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАЙЫМЫ

Қазақстан бойынша білім саласының мәселелері өте көп. Бүгіннен бастап министрлік өкілдері келіп кездесу өткізуі тиімді Себебі білім саласы ең бірінші тұрған мәселе.


 Маңызды жиын барысында 20-ға жуық ардагер ұстаздар мен білім беру мекемелерінің басшылары қатысып, білім беру саласындағы өзекті мәселелер кеңінен талқылады. 2024-2025 оқу жылының қорытындысы,мектеп оқушыларының жазғы демалысының ұйымдастырылуы және жаңа оқу жылына дайындық,жайы сөз болды.