Қоршаған ортаны таза ұстау жайлы орта қалыптастырудың негізі. Көше бойында құм, тас, иннертті қалдықтар, құрылыс материалдары, күл-қоқыс сынды үйінділер жатпауы тиіс. Бұл жаяу жүргіншілер жолағы мен автомобиль қозғалысына кедергі жасап, көшенің көркін бұзады. Осы ұранды негізге алған Қаратау ауданының әкімдігі арнайы рейд жүргізіп, тәртіп бұзған үй иелеріне ескерту жасады.
Таңнан бері әкімдік қызметкерлері полицейлермен бірлесіп тап осындай бірнеше үйге ескерту жасаған. Басым бөлігі ағаттығын бірден түсініп, шағал-тасты өзге орынға көшірген. Айта кетейік, үй иесі алғаш рет дәл бұлай тәртіп бұзып, көзге түссе ескерту хаттамасымен ғана құтылады. Ал жағдай тағы қайталанып, ескерту еленбесе айыппұл арқалайды.
ӘЛІБЕК ҚАЛДЫБЕК, ҚОҒАМДЫҚ ОРТА САПАСЫН ДАМЫТУ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ
«Қазіргі таңда Қаратау ауданы, Нұртас шағын ауданында рейдттік іс-шаралар жүріп жатыр. Есік алдына құм-тас төгіп жаяу жүргіншілерге кедергі келтіргендерге ескерту жасалып жатыр.»