Мемлекет басшысы Швейцария Ұлттық банкін басқарушылар кеңесінің төрағасы Мартин Шлегельді қабылдады.


Кездесуде Қазақстан мен Швейцария Ұлттық банкі арасындағы ынтымақты одан әрі дамыту мәселелері талқыланды. Қасым-Жомарт Тоқаев швейцариялық мамандар Қазақстанның Ұлттық банкіне тәуекелдерді басқару және төлем жүйелері секілді бағыттар бойынша техникалық көмек көрсететінін атап өтті. Олардың қызметіне жоғары баға берді. Өз кезегінде Мартин Шлегель, Қазақстан мен Швейцария ұлттық банктері арасында ақша-кредит саясаты және цифрлық қаржы салаларындағы диалогты жолға қойып, өзара ықпалдастық аясын кеңейтуге ниетті екенін жеткізді. Сонымен қатар, тараптар валюта нарығын нығайту, ұлттық валюталарға сенімді күшейту шаралары және цифрлық активтерді дамыту мәселелерін қарады.