Елімізде 9 шілде Су шаруашылығы қызметкерлері күні, ал 10 шілде Ветеринариялық қызметкерлері күні болып бекітілген. Осыған орай Түркістан облысында қос кәсіби мерекеге арналған іс-шара өтіп, еңбек адамдарына құрмет көрсетілді. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров ветеринария саласының 85 жаңа техникалардың кілтін тапсырды. Тақырыпты тілшіміз сабақтайды.


Түркістан облысында су шаруашылығы саласында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Өңірде су үнемдеу технологиялары кеңінен енгізіліп жатыр. Көктемгі тасқын суларды ұстап, суару маусымына тиімді пайдалану үшін «Бәйдібек ата» және «Боралдай» су қоймалары салынуда. Су нысандарын «Ислам даму банкі» қаржысын тарту есебінен қалпына келтіру жоспарланып отыр. Жалпы 25 су қойма, 1 су реттегіш, 269 каналды күрделі жөндеуден өткізу арқылы су нысандарының тозу көрсеткішін 76%-дан 50%-ға төмендету көзделуде.


НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Су шаруашылығында ветенария саласында жұмыс жасап жатқан азаматтар күнделікті жұмысы көзге көрінбесе де еліміздің тірегі, көлеңкесі. Оны мойындау керек. Мемлекет басшысы 2025 жылы жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялады. Еңбек адамы әр қашан елімізде үлкен абыройға ие болып халықтың кең сүйіспеншілігіне бөленген


Салтанатты шара барысында сала үздіктеріне Алғыс хаттар мен марапаттар табысталды. Олар – егістікке тіршілік нәрін жеткізген тәжірибелі инженерлер, гидротехниктер мен техникалық қызметкерлер.


 ЕРБҰЛАН ЖӘНІБЕКОВ, ВЕТЕНАРИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Бүгінгі таңда мемлекет басшысының облыс әкімінің қолдауымен ветеринарияғажалпы дизенфекциялық аурулардың алдын-алу үшін мемелекет жергілікті бюджеттен 17 млрд теңге қаралып 85 автокөлік биылғы жылы табыстап отыр облыс әкімі.


Құрметке бөленген сала мамандары үшін бұл – тек марапат емес, еңбектің еленуі, болашақ ұрпаққа үлгі болатын құрмет.