Шымкентте 25 жылын теміржол саласына арнаған маман тұрады. Болат жолды кәсіп етіп, бала-шағасына нәсіп қылған теміржолшының өнегелі ісін қызметтестері мен жанұясы үлгі тұтады. Қиындығы мен қызығы мол саланы игерген маманмен арна тілшілері танысып қайтты. Сюжетте толығырақ...


Бұл темір жолдардан күніне тонналап вагондар өтеді. Ал, кейіпкеріміздің жұмысы да қысы - жазы тоқтаған емес. Жаздың шіліңгір ыстығы мен толассыз жауынға қарамай үздіксіз еңбек етеді. Бастысы, уақытты ұтымды пайдаланып, шойынжолды жылдам жөндеп үлгеру керек,- дейді ол.


НҰРЛАН ОҢЛАНБЕКОВ, ТЕМІРЖОЛШЫ

Ръельсін ауыстырамыз. Тексеретін аппараттары бар. Дефекті берсе, соны да ауыстырамыз қысы-жазы. Зима-лето деген ръельсі болады. Оны аусытырмасақ, жаңағы күн ысыған кезде созылады. Күзде тартылады. Тартылған кезде ол да үзіледіә болттар. Сол үшін ұзындау ръельстер саламыз. 


 Нұрлан Оңланбековтің негізгі мамандығы – электрик. Ол осындағы теміржолдардың сапасына жауапты. Рельстің жарамдылығын тексеріп, оны ретке келтіру үшін күніне ондаған шақырым жаяу жүруіне тура келеді екен. 25 жылдан аса уақытын осы салаға арнапты. Енді бір жылда зейнетке шығамын деп отыр.


НҰРЛАН ОҢЛАНБЕКОВ, ТЕМІРЖОЛШЫ

 Елдің жердің дамуына үлес қосып жүру мен .шін үлкен абырой! Не де болса осы жұмыста істеп жатқанымызға 25 жыл болды ғой


Саналы ғұмырын теміржолға арнаған еңбек адамы мамандық таңдауымда қателеспедім, қайта елдің өркендеуіне аз да болса септігім тисе менен бақытты жан жоқ,- дейді. Қазір сол өзі білетін еңбектің қыр-сырын ізінен келе жатқан жастарға үйретіп бағып жүр.