Қазақстандық әйелдер футболы қарқын алып келеді. Бүгін ел чемпионатының он үшінші туры басталды. Бұл тур бірінші айналымның мәресі.
Күрделі кезеңде үштікке енген командалар Шымкенттік БИІК, «Ақтөбе», және «Томирис-Тұран». Олар бүгінгі матчтарда көшбасшылықты уысынан шығармауға тырысады. Енді ерлер клубтары жанынан әйелдер командасын құру міндеттелген. Федерация шешімі нәтижесінде биыл әйелдер командаларының саны артты. Былтыр тек төрт өңірден бес команда ғана тіркелсе, биыл қатысушылар қатары көбейді. Сонымен қатар әр команда сапында кемінде 13 отандық футбол мектебінің түлегі болуы тиіс. Жас ерекшелігі де шектелген тек 2009 жылы немесе одан ерте туған футболшылар ойнай алады. Айта кетейік, тоғызыншы турда «Ақтөбе» командасы қақпаға гол соғу көрсеткіші бойынша өз рекордын жаңартқан болатын.