Қалада жұқпалы ішек аурулары көбейген. Аталған инфекцияны жұқтырғандардың басым бөлігі 14 жасқа дейінгі балалар. Мамандардың айтуынша, соңғы 5 айдың көлемінде өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда ішек инфекциясы 24 жағдайға өскен.
Әсіресе, 2 жасқа дейінгі нәрестелер жиі шалдығатын көрінеді. Жеміс-жидектердің пісуі қоса бар.Оны жуылмаған күйде пайдалану аса қауіпті. Сондай-ақ, лас суда шомылу мен қайнатылмаған суды тұтынарда аса абай болу керек. Мамандар жеке бас гигиенасын сақтау, тағамдардың сақталу мерзіміне баса назар аудару мен қоса сүт өнімдерін пайдаланғанда абай болу керегін ескертеді. Оған қоса көше тағамдарын тұтынарда барынша сақ болуға шақырады.
БАҒИЛА БАУБЕКОВА, АБАЙ АУДАНДЫҚ САНИТАРЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ
Бұл вирустар мен бактериялармен қоздырғыштары болып табылады. Бұл ауруларды жұқпа көзі болып ауырған адам болып табылады. Және бұл аурудың берілу жолдары жуылмаған жеміс –жидектер дұрыс сақталмаған сақтау мерзімдері дұрыс сақталмаған тағамдар болуы мүмкін.