Бұқаралық спортты қолдайтындар қатары көбейіп келеді. Әсіресе, орта жастағы тұрғындар арасында салауатты өмір салтын ұстанатындардың дені артқан. Күні кеше қаладағы ең ірі жеті саябақ пен аллеяларында жаттығатын жандардан құрылған командалар «Күш Қуат Керуені» спорттық жарысында бақ сынасып, өзара мықтыны анықтады.


Таң сәріден Абай саябағына жиналған халықтың қарасы қалың. Барлығы күнделікті ерте оянып, күн шыққанға дейін дене шынықтыруды әдетке айналдырғандар. Әсіресе, 50 жастан асқан азаматтардың саны көп. Олар трендтегі спорттық ойындардың 5 түрінен бәсекеге түсіп, ән мен биден өнер көрсетті.


МАЙГҮЛ АЙДАРӘЛИЕВА, ҚАТЫСУШЫ

Сондай бір позитивті , спортивный жарыста көңілде жүрміз. Барлықтарына рахмет айтамыз. Шымкент қаласының басшылығына спорт комитетіне, барлығына алғысымыз шексіз!


Таңғы серуен мен жаттығуды ту еткен командалар қаланың жеті ірі саябағы мен аллеясынан жиналыпты. Олардың қатарында Дендропарк, Абай, Металлург, Әкімшілік аллеясы мен Шим-Сити, Отбасы аллеясы және Жеңіс саябағынан құралды.


ЕРЖІГІТ АХМЕТҰЛЫ, ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУДЫ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ӘДІСКЕРІ

 Біздің бұл проект 2024 жылдың шілде айында басталған болатын. Шымкент қаласындағы 12 паркте таңғы жаттығу жүріп жатыр. Таңғы 6-дан бастап 9-ға дейінгі уақытта. Халықтың салауатты өмір салтын сақтауға деген құлшынысын арттыру, артта келе жатқан ұрпаққа үлгі-өнегені көрсету 01:05


Жарыс нәтижесі бойынша, І орынды – Абай саябағы командасы,

ІІ жүлделі орынды – Әкімшілік аллеясы командасы және ІІІ орынды – «Шим-Сити» командасы жеңіп қанжығалады. Жеңімпаз деп танылғандарға бағалы сыйлықтар табыс етіліп, барлық қатысушыларға естелік сыйлықтар мен алғыс хаттары үлестірілді.