Шымкентте қосымша білім беруге арналған бірыңғай ваучер жүйесі кеңінен талқыланды. Ашық диалог алаңына қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек, Қоғамдық кеңес мүшелері, кәсіпкерлер мен үйірме жетекшілері қатысты. Тараптар пилоттық жобадағы өзекті мәселелерді көтеріп, нақты ұсыныстарын жеткізді.
Қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек кездесуде жаңа жүйенің жұмыс тәртібін кеңінен түсіндірді. Айтуынша, бұрын қосымша білімге тіркелген балалар саны жоғары болғанымен, шын мәнінде тұрақты баратындар саны әлдеқайда аз болған.
СӘРСЕН ҚҰРАНБЕК, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
Бұл жерде басты мәселе етіп балалардың жәй күйін алып отырмыз. Біздің жеке басымыздың қамы емес. Мемлекет өзінің мойнына алған міндеттемелерін толығымен орындап отыр деп мен сіздерге айтқан болатынмын. Мемлекеттің мойнына алған міндеттемесі бұл орта білім. Орта білім алу міндетті. Мемлекет өз тұрғысынан толықтай орындап отыр.
Жиында Қоғамдық кеңес өкілдері де пікір білдіріп, қосымша білім беру ұйымдарының бір жүйеге біріктірілгенін атап өтті. Бұрын спорттық үйірмелер спорт басқармасына, шығармашылық бағыт мәдениет басқармасына бағынып келген. Енді барлық үйірмелер тек білім басқармасына қарайды.
БҰҚАРБАЙ ПАРМАНОВ, ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ ТӨРАҒАСЫ
Қазір сіздерге айтып жатыр ғой қаржының арқасында үлкен тексеру бар. Қазір біз енді акиматтың берген ұсыныстарын көріп шықтық. Бізде бірақ нәрсе. Бізде тағы екі үш юристеріміз бар, басқа да азаматтарымыз бар. Бұл мәселені қатты талқылыадық. Бұл мәселені әлі де қарап жатырмыз. Ертең бұл мәселе шешіледі деп айталмаймыз. Себебі, бұл мәселені республикалық деңгейде көтерсек дегенұсыныстарымыз бар.
Қоғам өкілдерінің ұсыныстары ескеріліп, қосымша білім беру саласындағы жұмыстар жалғасын табатын болды.