Жыл басынан бері Түркістан облысы аумағында 250 келіден аса есірткі өнімдері тәркіленген. 220 құқық бұзушылық деректері анықталып, 2 есірткі зертханасы жойылған.
Психотпроптық заттарды тасымалдады, таратуға тырысты деген күдікпен 82 азамат ұсталған. Сондай-ақ маусым айында басталған республикалық "Қарасора – 2025" профилактикалық іс-шарасы да мардымды нәтиже көрсеткен. Алғашқы бір ай ішінде есірткі тасымалдау және өсіру бойынша 63 құқық бұзушылық анықталған. Заңсыз айналымнан 57 келі есірткі тәркіленіп, 6 мыңнан аса психотроптық заттар жойылған.
АРМАН БЕЙСЕНБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ
– «Осы бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын табады.»