Бір кездері болашағы бұлыңғыр саналған Қызылорда облысы қазір даму қарқыны бойынша үздік бес өңірдің қатарында. Сырдарияны жағалай қоныстанған 750 мың халқы бар. Алғашқы Астана Қызылорда қаласы былтыр 200 жылдық мерейтойын атап өтті. Облыста соңғы алты жылда 200 нысан пайдалануға берілген. Қызылорда облысы жан басына шаққанда әлеуметтік салаға қаржы бөлуден өңірлер арасында бірінші орында. Президент барған көпбейінді балалар ауруханасы 100 мектеп 100 аурухана жобасы аясында салынған. Мемлекет басшысы аурухана жұмысымен танысып, өңірдің медицина мамандарымен кездесті.
ЗОЯ КӨШЕНОВА ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ КӨПБЕЙІНДІ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ
Туу көрсеткіші сол көрсеткіште қалса да нәресте өлімі 4 есеге арзандап отыр. Жүкітілік кезіндегі денсаулық ахаулары да азайды. Осы жетістіктердің барлығы жаңа аурухана мен замануи техниканы алудың нәтижесінде.
Сыр өңірі тек өндіріс емес ауылшаруашылығы да жақсы дамыған. Бүгінде 15 түрлі өнім экспорттап отыр. Басты бернд сыр маржаны - күріш. Мемлекет басшысы өңірдегі ең ірі күріш ақтау зауытында да болды.
ДУЛАТ АБИБУЛЛАЕВ - ТІЛШІ
Қызылорда облысы елдегі күріштің 95 пайызын өндіредін. Сыр дихандары 83 мың гектар жерге күріш егіп, 500 мың тоннаға жуық өнім алады. Жанар ай кәсіпорын тың технологиялармен жабдықталған. Болашақта күрішті ақтап, одан жем алып қана қоймай тез әзірленетін күріш кеспесін әзірлеуді қолға алған.
Мемлекет басшысы осы жерде облыстың ірі күріш өсіруші шаруалармен кездесіп, ортақ мәселелерді тыңдады, жұмыстарына сәттілік тіледі.