Шаһардың орталық бөлігі саналатын Әл-Фараби ауданы – инфрақұрылым жүйелерімен толық қамтамасыз етілген. Әкімшілік аумақта ауыз су, табиғи газ және электр қуаты мәселе емес. 100% қамтылған. Осылай деген аудан әкімінің міндетін атқарушы Ержан Ерланұлы журналистермен тілдесіп, баспасөз отырысын өткізді. Нендей уәде беріліп, қандай мәселе талқыланды? Қанат Жолдасбек тарқатып айтады.


ҚАНАТ ЖОЛДАСБЕК, ТІЛШІ

Әл-Фараби ауданында 390 көше бар. Биыл бюджет есебінен 76 көшені және 69 тұйық көшелерді жарықтандыру жоспарланған. Жұмыстар нәтижелі аяқталса 390 көше жарықтанып, қамтылу деңгейі 100%-ды құрайды. Осылай деген Ержан Ерланұлы аудандағы көшелердің асфальтталу көрсеткішін айтып өтті.


ЕРЖАН ЕРЛАНҰЛЫ, ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ

2025 жылы аудан аумағында жергілікті тұрғындарға қолайлы жағдай қалыптастыру, сапалы жол инфрақұрылымын дамыту және аудандық маңызы бар ішкі орамдық көшелерді де қамту мақсатында, Шымкент қаласының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан 25 (15 шқ) көшеге асфальт жабындысын төсеу және 82 тұйық (21,78 шқ) көшеге ағымдағы жөндеу жұмыстары жоспарланған.» 


ҚАНАТ ЖОЛДАСБЕК, ТІЛШІ

Тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру және жайлы өмір сүру жағдайын қамтамасыз ету мақсатында 17 көпқабатты тұрғын үйге күрделі жөндеу жұмыстары жасалды. Ал биыл 20 көппәтерлі үйге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілмек. Жауаптының сөзінше санитарлық тазалық жұмыстары да қарқын алмақ. Аумақ көлеміне қарай 7 секторға бөлінген. Әрқайсысына аудан әкімінің аппараты тарапынан жауапты мамандар бекітілген.


 ЕРЖАН ЕРЛАНҰЛЫ, ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ

– «Орталық аудан болғандықтан санитарлық тазалыққа көптеп назар аударудамыз. Бұл үшін екі мекеме жұмыс атқарады.»


ҚАНАТ ЖОЛДАСБЕК, ТІЛШІ

Брифинг әрі қарай сұрақ-жауап форматына жалғасты. Аудан әкімінің міндетін атқарушы журналистер жолдаған сауалдарға жеке-дара тоқталып, жауап берді.