Түлкібас ауданындағы аядай ғана Пістелі ауылынан соғысқа 150-ден астам адам аттанған. Оның тең жартысы майдан даласында ерлікпен қаза тапқан. Жеңістің 80 жылдығы мен Отан қорғаушы күніне орай ауылда арнайы іс-шара ұйымдастырылды. Елі үшін қасық қаны қалғанша арпалысқан ардагерлеріміздің ұрпағы батыр бабалар рухына тағзым жасады. Ауылдағы ескерткішке гүл қойып, батырлар рухын ұлықтады.
ҚАНАТ ЖҮНІСБЕК - ТІЛШІ
Ел басына күн туған шақта Түлкібас ауданындағы шағын ғана Пістелі аулынан қан майданға қолына қару алып 150 ден астам азамат аттанды.Оның алды Мәскеуден Берлиге дейін жая барды.Сұрапыл соғыста сол боздақтардың тең жарымы жат жерде опат болды. Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында ардагерлердің ұрпағы жиылып бабалар рухына тағзым жасады.Ерлік,ешқашан ұмытылмайды!/
Төленбек Қалдыбайұлы бүгінгі шараға Алматыдан арнайы ат арылтып келіпті. Әулеттерінің үлкені Әмір аталары екі бауырымен бірге соғысқа аттанған. Қоныс пен Жүніс егіз болған екен.Олар қан майданда жау қолынан ерлікпен қаза тауыпты. Бірі тіпті хабар ошарсыз кеткен.
ТӨЛЕНБЕК ҚАЛДЫБАЙҰЛЫ, СОҒЫС АРДАГЕРІНІҢ ҰРПАҒЫ
Бұл аталарымыз соғысқа брон болса да өзі сұранып кетіп, өзі танкист болып сол танкінің үстінде кетіп бара жатып қаза тапқан екен Беларус майданында. Ал,бір атамыз әлі күнге дейін хат-хабарсыз соғыстан қайтпаған. Әмір атамыз болса соғыстан келіп, 47 жылғы япония соғысына дейін барып, сосын елге келген екен әкеміздің ағасы.
БЕРДІБЕК ӘБДІРАЙЫМҰЛЫ, СОҒЫС АРДАГЕРІНІҢ ҰРПАҒЫ
Осы кішкентай ғана Пістеліде үлкен іс шара болып жатыр. Сондықтан барлықтарыңызды осы жеңіс күнімен құттықтаймын. Отан қорғаушылар күнімен құттықтаймын. Еліміз аман халқымыз тыныш болсын.
Аядай ғана ауылдан елін жаудан қорғауға аттанған 150 боздақтың тең жарымы жат жерде опат болды. Бірқатары ауыр жараланып, мүгедек болып елге оралды. Соған қарамастан ауылға келіп колхозда жұмыс істеген. Соның бірі Лес Қоқыров ақсақал еді. Соғыстан кейін елдің еңсе тіктеуіне бар күш жігерін арнады. Батырдың ұрпағы бабалар әруағына арнап ауылдан арнайы ескерткіш орнатып берген.
АСАНБЕК ҚОҚЫРОВ, СОҒЫС АРДАГЕРІНІҢ ҰРПАҒЫ
«Әкеміз Қоқыров Лес 41 жылы соғысқа аттанды. Бір-екі рет барам дегенде қайтарған екен жассың әлі деп. Сол қоймай соғысқа барып 43 жылы әкемнің бір аяғы соғыста қалды.,сөйтіп жараланып келді. Оқыған кісі сол заманда ауылшаруашлығы техникумын бітірген кісі. Әкемді салйапты содан әкем осы колхозды көтеріпті.халық силап көше берді әкеме.»
Шағын ғана ауылда жеңіс күні қарсаңында бабалар рухына тағзым жасау үрдіске айналған. Бұл жолы да сол батырлардың ұрпағы жиналып, ескерткішке гүл шоқтарын қойды. Майдангерлердің Отан қорғау жолындағы ерлігі жас ұрпаққа дәріптелді.
САПАРБЕК ӨКІСКБАЙҰЛЫ, СОҒЫС АРДАГЕРІНІҢ ҰРПАҒЫ
Пістелі ауылынан 150 ге жуық майдангер аталарымыз соғысқа аттанған.Соның жартысына жуығы майдан даласында ерлікпен қаза тапса жартысына жуығы келіп еңбек етіп,кейін қайтыс болған. Соның бірі осы Лес Қоқыров атамыз. Келіп осы колхозда бастық болған. Мікей сол атамыздың ұрпақтары осы ескерткішті бізге орнатып берді 2015 жылы .Міне содан бері осы іс-шара жалғасып келе жатыр
СЕНБЕК ЕРАЛЫ, ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚҰРМЕТТІ ЖУРНАЛИСІ
Басында 300-400 майдангерлердің ұрпақтары келетін Қазақстанның түпкір-түпкірінен .Бүгін 500-600 адамға дастархан жайылмақшы.Құран оқылып бағышталады. Мұның ең маңыздылығы жастарға партиоттық тәрбиеберуде орны зор бұл ескерткіштің. Мұндағы Ерлік жсаған ерен ерлік жасаған. Майдангерлердің ерліктері айтылады.
Салтанатты жиын барысында театрландырылған қойылым қойылды. Онда қол басқарған қазақ генералы сарбаздарға Отан ұғымын қаншалықты құрметті екенін түсіндірген сәтін сомдады. Жалпы кеш барысында патриоттық әндер шырқалып, елдің рухын көтеретін жыр шумақтары оқылды. Бабалар рухына арналып ас беріліп, құран бағышталды.