Шымкентте Отан қорғаушы күніне орай «Мәңгілік елдің қорғаны» атты гала-концерт ұйымдастырылды. Кеште жастарда жұлдыздары мен өнер ұжымдары ән шырқап, қала тұрғындарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Астана алаңында өткен іс-шараға мыңнан аса халық жиналып, ашық аспан астында әсем әнмен тербелді.


 Бұл кеш бұрынғыдан өзгерек. Отан қорғаушы күніне орайластырылған шара ерлік пен патриотизмді дәріптеуге арналды.


НҰРСҰЛТАН ӘРІПХАНҰЛЫ, КЕШ ЖҮРГІЗУШІСІ

Бұл кеш Отан қорғаушылар күніне орайластырылып отыр. Ұлы Жеңістің 80 жылдығы аясында көптеген шаралар қолға алынады.


 БАҒЛАН ЖОЛДАСОВ, ӘНШІ

Ер азаматтарымызды айтулы мерекемен құттықтаймын. Ел қорғаны болып, елге қызмет етіп жүре берейік. Ерлер аман болсын.


 Концерттік бағдарламада жергілікті өнер ұжымдары мен өнерпаздары патриоттық әндерді әуелетіп, көрерменге ерекше көңіл-күй сыйлады.


НҰРЛАН ЕСІРКЕПОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ

Қала әкімдігінің ұйымдастырған бұл шарасы мынау халыққа жақсы болды. Кешкі уақытта мереке күні отбасымызбен келіп, көңіл көтеріп, ән тыңдап тұрмыз. Қандай керемет.


 АМАНҒАЛИ ОСПАНОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ

Керемет кеш, көңіл-күйіміз де көтеріңкі. Бәрі жақсы. Рахмет бәріне


Мерекелік шараға жиналған көпшілік көтеріңкі көңіл-күймен ұлттық рухты асқақтатар әуендерді сахна саңлақтарымен бірге шырқады. 8-9 мамырда Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған түрлі деңгейдегі мәдени-бұқаралық іс-шаралар өз жалғасын табады.