Көшелерді жарықтандыру жұмысы Тұран ауданында да қарқынды жүріп жатыр. Биыл 65 көшеге бағаналар орнатылып, жарықтандыру 100 пайызға орындалмақ. Сондай-ақ 76,4 шақырым жолға асфальт төселіп, тұрғындардың жүріп-тұруына жағдай жасалады. Тұран ауданында бұдан өзге қандай мәселе шешімін тауып жатыр? Масс-медиа өкілдеріне арнайы брифинг ұйымдастырған аудан әкімінің орынбасары Асылжан Дәулетханұлы жыл басынан атқарылған жұмыстарға тоқталып өтті. Сюжетте толығырақ.
НҰРЛАН ПАЙЗОВ, ТІЛШІ:
Тұран ауданының құрылғанына аз уақыт болса да біршама тындырымды іс атқарылған. 233 мыңға жуық халқы бар ауданда инфрақұрылым мәселесі ретімен шешімін тауып келеді. Аудан басшылығы әсіресе шеткі елді мекенге көңіл бөліп отыр.
АСЫЛЖАН ДӘУЛЕТХАНҰЛЫ, ТҰРАН АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
Ауыз сумен 19 шағын аудан қамтылған ол – 98,5% құрайды. Ал 2 шағын аудан, атап айтқанда: Айкөл ш/а (2025-2026 жылдары) және Құрсай ш/а ауыз сумен қамту бойынша ағымдағы жылы құрылыс жұмыстары аяқталады. 2026 жылы 100% ауыз сумен қамтылады. Табиғи газбен 18 шағын аудан қамтылған ол – 85,7% құрайды. Газбен қамтылмаған шағын аудандар саны – 3, ол 14,3% құрап отыр. Бүгінгі таңда, Жаңаталап, Құрсай және Айкөл шағын аудандарында ағымдағы жылы құрылыс жұмыстары аяқталып, 2026 жылы магистралды көшелерді газға қосу жұмыстары жүргізіледі 2026 жылы 100% табиғи газбен қамтылады.
НҰРЛАН ПАЙЗОВ, ТІЛШІ:
Аудан халқының 95,2 пайызы сапалы электр жарығымен қамтылған. Ирригация мәселесі де шешіліп келеді. Ал кәріз жүйесімен қамту жұмысы жыл соңына дейін 60,2 пайызды құрамақ.
АСЫЛЖАН ДӘУЛЕТХАНҰЛЫ, ТҰРАН АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
Электр жарығымен 20 шағын аудан қамтылған ол – 95,2% құрайды. Ал, Құрсай шағын ауданында 2024 жылы құрылысы басталған . Жыл соңына дейін толығымен бітетін болады. Кәріз жүйесімен 12 шағын аудан қамтылған ол – 57,1% құрайды. Кәріз жүйесімен қамтылмаған шағын аудандар саны – 9, ол 42,9% құрап отыр. 2024 жылы Түркістан ш/а және Қазыбек би көшесіне кәріз жүйесінің құрылысы басталған. Жылдың соңына дейін толығымен бітетін болады.
НҰРЛАН ПАЙЗОВ, ТІЛШІ:
Биыл аудандағы 126 көшені асфальттау жоспарланған. 28,5 шақырымға орташа жөндеу жүргізілсе, 47,9 шақырым жол ағымдағы жөндеуден өтеді. Нәтижесінде аудандағы асфальттанған көшелердің үлесі 96%-ды құрайтын болады.