Көлікті газ, бензин көмегінсіз-ақ қозғалтып, жүргізуге болады. Химия ғылымдарының докторы, физик Мейірбек Түйебаев осылай дейді. Ол ұсынып отырған Стерлинг қозғалтқышы – машина қысымын тежеп, үнемделген энергия қорын қозғалтқышқа жұмсайды. Сөзінше бұл тәсілді әзірге тек жапон сүңгуір кемелері қолданады. Ал көлік атаулыға қондырылмаған. Арна тілшісі ғалым жұмысымен танысып, идеясына құлақ түріп қайтқан еді. Сюжеттен көрейік.


Міне аталған қозғалтқыштың ықшамдалған макеті осы. Егер жоба жүзеге асып, қолданысқа берілер болса жаһан көліктері сұйытылған отын мен жанар-жағармайды керек етпейді. Ғалымның айтуынша бұл идея бұған дейін де әлем ғалымдарын толғандырып, көптің талқысына түскен. Бірақ жүзеге аспапты. Мұның себебі мұнай магнаттарының наразылығы, - дейді өнертапқыш. Мейірбек Түйебаев идеясын Техникалық лицей оқушыларымен бірге жетілдіріп, жобаны ғылыми додаларға ұсынуды көздеп отыр. Ол үшін қыруар қаржының да қажеті қажет жоқ.


МЕЙІРБЕК ТҮЙЕБАЕВ, ХИМИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ, ФИЗИК

– Бір ерекшелігіміз біз қытайдан, шетелдерден материалдарды алдырмаймыз. Бәрін қолдан құрастырамыз.»  «Оқушылар мұны көреді, қызығады және мұны бұзып басқа түрлерін жасай алады.» «Жапондар мұны сүңгуір кемесіне пайдаланса біздің балалар неге мұны кәдімгі көліктерге пайдаланбайды? Пайдалануға болады негізі. Ол үшін балалар бұл идеяны ары қарай жалғастыру керек.»  «Радиатор. Радиотаорды сіз бензинмен қозғап алыңыз да екінші пластинкаға салқындатқыш қойыңыз. Екеуінің арасы 50 градус болса қозғалыс жұмыс істейді.»


Техникалық лицей қабырғасында «Архимед» ғылыми қоғамдық бірлестігі жұмыс істейді. Оған 9-10-11 сынып оқушылары мүше. Үздік шәкірттер апта сайын жиын жасап, ғылыми жаңалықтарды талқылайды. Мектеп басшылығы жоғары оқу орындардан профессор оқытушыларды шақырып, ғылыми жетекші етеді. Жас өрен аға буыннан дәріс алып, ғылыми олимпиадаларға жоба даярлайды. Бұл қазақ жастарын ғылым жолына тартып, бағыт-бағдар берудің төте жолы дейді Бақберген Айтбаев.


БАҚБЕРГЕН АЙТБАЕВ, МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫНЫҢ КЕҢЕСШІСІ

 – «Профессорларды шақырып, ғылыми жетекші етіп бекітіп, жыл бойы жұмыс істейміз. Ғылыми жұмыс, эксперимент жасауға үйеретеміз. Өзінің ойын қағазға түсіре алатын, өзінің ойын жұртқа жеткізе алатын жағдайға жеткіземіз. Соның арқасында біздің лицейдің түлектерінің бірәзі ғылым жолына түсіп, үлкен жетістіктерге жетіп жатыр.»  «Ғылым өркендейтін болса біздің экономикамыз да өндірісіміз де өркендейді. Халықтың әл-ауқаты жақсарады. Осы жолда лицей тиянақты жұмыс істеп келеді.» 


11 сынып оқитын Ақерке сәулетші болуды армандайды. Зәулім ғимараттардың сұлбасын сызып өз идеясымен өрнектейді. Ол осы дағдысын жетілдіріп, ғылыми негізде жоба жазуға бекініп отыр.


 АҚЕРКЕ АБДИЕВА, ОҚУШЫ

 – «Менің ғылыми жобаға қызығамын. Сол үшінде аталған «Архимед» ғылыми бірлестігіне мүше болдым. Осындағы профессорлармен бірлесе отырып өз ғылыми жобамды жазғым келеді.»


Мектеп басшылығы «біздің мақсат жас өренді ғылымға тартып, қарым-қабілетін ұштау» дейді. Осы мақсат аясында жұмыс істейтін бірлестік 1998 жылдан бері мыңнан аса шәкірттің шырағын жаққан. Оның 514-і ғылыми жарыстарда жүлдегер атанған.