Мегаполисте әлі де таза ауыз су жетпеген елді мекендер бар. Еңбекші ауданының жаңақұрылыс аумағында 20 отбасы тіршілік нәрін тасып ішеді. Жоспар бойынша бұл аумақта 1000 учаскеге тұрғындар қоныстануы керек еді. Алайда инфрақұрылым мәселесі шешімін таппаған соң көшіп келуге асығатындар аз. Аудан әкімі Досбол Есілбеков көгілдір отын, электр жарығының желілері рет-ретімен тартылып жатқанын айтады. Ауыз су мәселесі де жақын арада шешіледі деп отыр.


 НҰРЛАН ПАЙЗОВ, ТІЛШІ

Мегаполистің өндірістік аймағы болып саналатын Еңбекші ауданында өткен жылы инфрақұрылым жүйесіне қатысты бірқатар мәселелер шешімін тапқан. Бұл ретте, ауданның жаңа құрылыс аумағына басымдық беріліп отыр. Аудан халқының 97 % таза ауыз суға, 99,8 % мемлекеттік қуат көзіне қосылған. Ал 92,4 % көгілдір отынға қол жеткізіп отыр. Басымдық елді мекендердің жаңа құрылыс аумақтары мен шалғайдағы шағын аудандарға берілген.


 ДОСБОЛ ЕСІЛБЕК, ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ

 Жалпы қамту көрсеткіші 98,8 пайызды құрап отыр. Негізі халықтың барлығы қамтылған. 2024 жылы «ОнтүстікЖарықТранзит» ЖШС тарапынан, 16,7 шақырым желі жаңартылып, 9 трансформатор ауыстырылды. 2025 жылы 4,7 шақырым желі жаңартылып, 3 трансформатор ауыстырылды. Сонымен қатар, Исфиджаб, Достық (1356 абонент) тұрғын алаптардағы жеке меншік жүйедегі электр желісің ауыстыру бойынша «Сайрам» жобасының құрылыс-монтаждау жұмыстары басталды. Мердігер мекеме анықталды.


НҰРЛАН ПАЙЗОВ, ТІЛШІ

Ауданда ауыз суды тасып ішетін отбасылар да бар. Жаңақұрылыс аумағында 20 баспана тіршілік нәрін тасып ішеді екен. Аудан әкімі мәселе шешілетінін айтты.


ДОСБОЛ ЕСІЛБЕК, ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ

 Оңтүстік жаңақұырылс аумағы бар. Сол жерде мыңға жуық учаскелер берілген. Сол елдімекенде қазіргі таңда 20 ға жуық үйлер соғылып, мыңға жуық учаскенің қазір 20-сында үй бар. Сол кісілер ғана өздері тасып амалдауда. Бірақ ол бойынша да қазіргі таңда жобасы әзірленіп отыр. Әзірленіп болғанан кейін ол жаққа ауыз су тарут жоспарда бар.


НҰРЛАН ПАЙЗОВ, ТІЛШІ

Одан бөлек биыл Жастар көшесі, «Қазығұрт» станция аумағы мен Оңтүстік-Жаңақұрылысты сапалы ауыз сумен қамту бойынша жобалық сметалық құжаттар дайындылып жатыр. Сонымен қатар Қарабастау, Жұлдыз, Жалын тұрғын алабтарында көгілдір отын құбырын тарту жұмыстары жүргізілуде.


ДОСБОЛ ЕСІЛБЕК, ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ

Ауданда табиғи газ жүйесімен қамту көрсеткіші 92,4% құрайды.Аудандағы 5 елдімекенді Оңтүстік, Қарабастау, Жұлдыз, Жалын, Қаратөбе т.а. жаңақұрылыс аймағындағы 3739 абонентті табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында бюджеттен қаржы қаралып, 2024 жылы құрылыс жұмыстары басталды. Қаратөбе тұрғын алабы, (144 аб.), Оңтүстік ш.а. (157 аб.), жұмыстар аяқталып, пайдалануға берілді. Қазіргі таңда Жалын тұрғын алабы, Қарабастау-Жаңақұрылыс, Жұлдыз-Жаңақұрылыс учаскесінде құрылыс жұмыстары жүргізілуде, ІІІ-тоқсанда аяқтау жоспарлануда.


НҰРЛАН ПАЙЗОВ, ТІЛШІ

Бұған дейін көктемгі күзгі жауын-шашын тұрғындарды әбігерге салып келген еді. Себебі ауданда ирригациялық жүйе мәселесі толық шешімін таппаған. Алайда ауадан басшысы 20 су басу қауіпі бар мекен-жай анықталғанын айтады. Былтыр 4,9 шақырым ирригациялық жүйе жүргізілген болатын. Биыл 5 мекенжайда арық-атыз ретке келтірілетін болады.