Енді елімізде қамқоршылар мен қорғаншылар өз қамқорлығындағы азаматтардың мүлкін басқаруға рұқсат алу үшін үйден шықпай-ақ, онлайн өтініш жібере алады. EGov порталында жаңа қызмет түрі пайда болды. Сондай-ақ, зейнетақы, жәрдемақы және әлеуметтік төлемдерді алу үшін де жаңа қызмет қолжетімді. Бұл жүйе - бұрынғыдай көп қағаз жинауды азайтпақ. Өтініш берілген соң, жауап 19 жұмыс күні ішінде өтініш иесінің Жеке кабинетіне жолданады. Қажет құжаттарды қағаз түрінде де тапсыруға болады.