Мамыр айының 24-інен бастап қазақстандықтар жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған баспаналарды жалдау ақысының бір бөлігін субсидиялай алады. Бұл туралы Индустрия және құрылыс министрлігі мәлімдеді.


 Бағдарлама аясында жалға алынған тұрғын үйдің жалдау ақысының 50%-ын мемлекет өтейді. Қалған бөлігі жалға алушының өз қаражаты есебінен төленеді. Субсидия әлеуметтік осал топтағы азаматтарға – мүгедектігі бар адамдарға, көпбалалы отбасыларға, жетім балаларға және “Алтын алқа”, “Күміс алқа” иегерлеріне бағытталған. Бағдарлама тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды қолдап, олардың баспана мәселесін жеңілдетуді мақсат етеді. Индустрия және құрылыс министрлігінің мәліметінше, бұл бастама әлеуметтік тұрақтылықты нығайтуға септігін тигізбек.