Түркістан облысының ардагерлері мен полицейлері марапатталды. Өңір полицейлері қос датаны кең көлемде атап өтті. Ел қауіпсіздігі үшін күні-түні қызмет етіп жүрген сақшылар мен айбынды ардагерлерге құрмет көрсетілді.


 Мереке аясында салтанатты шеру өткізіліп, «Даңқ» мемориалына гүл шоқтары қойылды. «Жеңіс саябағында» өткен мерекелік іс-шараға ішкі істер органдарының ардагерлері құрметті қонақ ретінде шақыртылды. Полиция департаментінің бастығы бастаған жеке құрам соғыста құрбан болған жауынгерлер мен офицерлер рухына арнап 1 минуттық үнсіздік жариялады. Қызмет бабында қайтыс болған қызметкерлердің жұбайларына, ардагерлерге бағалы сыйлықтар үлестірілді. Өзінің кәсіби шеберлігі мен жоғары нәтижеге қол жеткізген 100-ге жуық полицейге марапат берілді. Сондай-ақ бірқатар тәртіп сақшыларына арнаулы шен табысталды. Іс-шара соңы концерттік бағдарламаға ұласты. Жиын жеке құрамның мерекелік саптық шеруімен қорытындыланды.