Түркістандық тәртіп сақшылары толғағы қысқан әйелді перзентханаға жедел жеткізді. Алматы — Ташкент — Термез тасжолы бойында қызмет атқару барысында батальон қызметкерлері Мақсат Шорманов пен Бақыт Оразбаев ерлік көрсетті.
Қос полицейден Шымкентке қарай бет алған Lada автокөлігі көмек сұраған. Көліктегі әйелдің жағдайы ауыр, уақыт жоғалтпай перзентханаға жеткізу қажет болған. Тәртіп сақшылары көп бөгелмей бірден іске кіріскен. Жүкті әйел мінген автокөлікке жол ашып, ауруханаға дейін сүйемелдеп, жедел жеткізген. Аяғы ауыр келіншек аман-есен босанып, қыз баланы дүниеге алып келді.