Теміржолшылар қаласындағы 7-сектор Түркістан облысы мен Арыс қаласына бекітілді. Бұл қаладағы негізгі орталық көшелер болатын. Мұндағы 14 көшеде 478 тұрғын үй мен 6 көпқабатты үй болды. Жұмыс ауқымы үлкен болғандықтан, көмек беруге жұмылдырылған құрылысшылар саны да , берілген міндетті мерзімінде орындауға оң ықпалын тигізді.
Қонақбай Ережепов- 7- сектор жетекшісі
100 үй жарамсыз деп танылды. 378 үйге жөндеу жүргізілді. 25 құрылыс компаниясы мен 630-ға тарта құрылысшылар болды.
Атқарылған жұмысқа жергілікті жұрттың көңілі толды. Қиын сәтте көмек қолын созғандарға айтар алғысы мол.
Оңғар Төлебеков- Арыс қаласының тұрғыны
Бүкіл Қазақстан халқына рахмет. Үй жағынан болсын қаржылай болсын көмектесіп жатыр. . Алғысымызды білдіреміз.
Бақыгүл Меңгілбекова орталықтағы Ергөбек көшесінің тұрғыны. Түркістан облысының әкімдігіне айтар алғысы зор. Таяу күндері үйі толықтай пайдалануға беріледі.
Бахытгүл Меңгілбекова- Арыс қаласының тұрғыны
7-секторға рахмет.Арыс қаласының әкімдігіне рахмет. Үйімізді салып берді, қазір ішкі әрлеу жұмыстары жүріп жатыр. Құдайқаласы бір аптада аяқталады деп отырмыз.
Жалпы алғанда тоғыз жолдың торабындағы шахарды қалпына келтіру жұмыстары 98,5 пайызға орындалған. Таяу күндері қалған жұмыстарды толықтай аяқтауға күш салынып жатыр.
Н.Кенжехан