Шымкентте EduCampShym оқушыларға арналған кәсіптік бағдарлау жобасы іске қосылды. Бұл арқылы жасөсіпірімдер жазғы мезгілде уақытын тиімді пайдалануды үйренеді, болашақ мамандығын таңдауға жол табады. Бұған 9-10 сынып шәкірттері қатыса алады.
Талаптанып, ізденіп келген қатысушы оқушылардың қарасы көп. Олардың қатарында былтырдан бері белсенді шәкірт Салтанат Бауыржанқызы да бар. «EduCampShym – әр баланың жан-жақты дамуына, шығармашылық қабілеттерін ашуға, жаңа білім мен дағдыларды игеруге арналған тиімді жоба»,-дейді ол.
САЛТАНАТ БАУЫРЖАНҚЫЗЫ, ОҚУШЫ
Бұл лагерьге екінші рет келіп тұрмын. Лагерь өте жақсы. Бұл жерде көптеген профессорлар мен мұғалімдер дәрістерін беріп, тәжірбие алмасуда. Жалпы әр оқушыға берген оң жақтары бар. Бірінші рет келген кезде бұл жерде химия, биология, география туралы мәліметтерді білген болатынбыз. Әр түрлі тәжірбиелерді көрсеткен болатын. Бүгін сол әдебиет пен филология жағынан танысып отырмыз.
Жоба қаладағы 9 жоғары оқу орнының базасында ұйымдастырылып, оқушыларды жұмыспен қамту және кәсіби бағыт-бағдар беру мақсатында жүзеге асырылып жатыр.
ГҮЛЖАН СҮГІРБАЕВА, Ө.ЖӘНІБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ОҚПУ РЕКТОРЫНЫҢ М.А
ОСындай іс-шаралар бірінші рет болып жатыр. Және де екі мектеппен университеттің арасындағы байланысты нығайтады. Мектеп оқушылары болашақ мамандығы туралы қанша дегенмен енді таңдайды ғой. Сол таңдауда қателеспеш үшін біз мұғалімдік мамандық туралы көп айтамыз қызқтырамыз. Біздің университетте өте көп потенциалымыз бар. Біздің университетте қандай факультеттер бар. Бір күні әр факультет өзінің жұмысымен таныстырады. Мен ойлаймын бұл жас балдарға өте қызықты.
Ал 7–8-сынып оқушылары үшін PROF START жобасы іске қосылды. Бұл бағдарламаға 33 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымы қатысып, жасөспірімдердің болашақ мамандығын анықтауға бағытталған тәжірибелік іс-шаралар ұсынып отыр.
БАҒЛАН ҮМБЕТБАЕВ, БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ
Бұл жерде 33 мекеме қатысып жатыр. Ол жерге де қаладағы мемлекеттік және жекеменшік білім беру ұйымдарының барлық оқушылары сол жерге барып оқу лагерлеріне қатысады. Жаңа жобадағы барлық оқушылар белсенді түрде қатысып, университеттің өзінің ғимаратында жаңа техникалық кәсіптік білімберу ұйымдарында өтіп жатыр. Әр күні әр түрлі бағытта роботатехника болсын, жаратылыстану ғылыми бағыты болсын әр күні әр түрлі қызықты бағытта өтіп жатыр.
Жазғы мектептер үш ауысымда, 10 күндік бағдарлама түрінде ұйымдастырылып отыр. Әр күнді белгілі бір бағытқа арнап, түрлі танымдық, тәжірибелік сабақтармен толықтырады. Жобаның басты мақсаты – жазғы демалыста оқушыларға кәсіптік бағдар беру, еңбекке баулу және кәсіби әлеуетін дамыту.