Орталық Азия мен Қытай арасындағы әріптестік байланыс нығаюда.


Бұл елдер арасындағы ынтымақтастық дамып келед, дами да бермек. Бүгін отандық және шетелдік сарапшылар өңірлік әріптестіктің жаңа мүмкіндіктерін талқылады. Іс-шараға Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин қатысты.Ерлан Қарин Қазақстан мен Қытай арасындағы ықпалдастықтың күшейе түскеніне назар аударды. Сондай-ақ, ол елімізде жүзеге асырылған реформаларға және даму жолындағы басым бағыттарға тоқталды.


 ЕРЛАН ҚАРИН, ҚР МЕМЛЕКЕТТІК КЕҢЕСШІСІ

 – «03:57 2019 жылдан бері Қазақстан экономикасы 15 пайызға өсті. Еліміздің ЖІӨ 288 млрд долларға жетті. Ал жан басына шаққандағы ЖІӨ 46 пайызға жуық артып, 14 мың доллардан асты. Негізгі капиталға құйылған инвестиция 5 жылдың ішінде 1,5 есеге артып, былтыр 19 трлн теңгеден асты.


Сонымен бірге Мемлекеттік кеңесші көпжақты диалогты нығайтудың маңыздылығына тоқталып, Қытай мен Орталық Азия елдері арасындағы байланыс қарқынды дамып келе жатқанын айтты. Мемлекеттік кеңесші таяу арада Астанада өтетін «Қытай – Орталық Азия» саммитінің екінші отырысы осының бір дәлелі екенін атап өтті. Сонымен бірге форум аясында өзара әрекет ету, технологиялық ынтымақтастық және перспективті жобаларға арналған сессиялар өтті. Жиында көрші елдерден келген талдау орталықтарының, мемлекеттік құрылымдардың, ғылыми мекемелердің және халықаралық ұйымдардың өкілдері басқосты.


БАХТИЕР МУСТАФАЕВ, ӨЗБЕКСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ ЖАНЫНДАҒЫ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӨҢІРАРАЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР ИНСТИТУТЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Бүгін саммит қарсаңында біз болашаққа бағытталған ұсыныстарды ашық әрі сенімді талқылаймыз деп үміттенеміз. Қытай — біздің стратегиялық серіктес. Ол өңірдің дамуына елеулі үлес қосып келеді.


СУНЬ ЧЖУАНЧЖИ, ҚЫТАЙ ҚОҒАМДЫҚ ҒЫЛЫМДАР АКАДЕМИЯСЫНЫҢ РЕСЕЙ, ШЫҒЫС ЕУРОПА ЖӘНЕ ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ИНСТИТУТЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ

 Бұл форум, әрине, өте маңызды. Ол Қытай мен Орталық Азия арасындағы өзара іс-қимылдың тұрақты тетігіне айналып келеді. Мұндай форумдарды тұрақты түрде өткізу қажет деп есептеймін, өйткені ғалымдар алдын ала пікір алмасып, баға беріп, ынтымақтастық орната алады».