Түркістан облысында тікұшақ пен ұшқышсыз ұшу аппаратын және жүк тасымалдайтын дрондарды өндіретін зауыт ашылуы мүмкін. Шетелдік компания шамамен 290 миллион АҚШ долларын инвестициялауды жоспарлап отыр. Зауытта 150-ге дейін жаңа жұмыс орнын ашу көзделген.


Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров пен инвесторлар кездесіп жобаны жүзеге асыру шарттарын талқылады. Ауқымды зауыттың құрылысы үшін индустриялық аймақтар мен Сауран ауданы потенциалды орын ретінде ұсынылды. Бұл жоба өңірдегі технологиялық өндірістердің бірі болуы ықтимал. Компания өкілдерінің мәліметінше, кәсіпорын азаматтық және арнайы мақсаттағы тікұшақтар пен дрондарды өндіреді. Олар логистикада, ауыл шаруашылығында, туризмде, инфрақұрылымды бақылауда және басқа салаларда қолданылатын болады. Жоба төменгі авиация экономикасының жылдам дамып келе жатқан саласына бағытталған. Ұшу аппараттары 3000 метр биіктікке есептеледі. Заманауи техникалар қала ішіндегі әуе тасымалы, дрондар арқылы тауар жеткізу және жедел көмек көрсету, сондай-ақ ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп салаларында қолданылмақ.


НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Eкі ел арасындағы қарым атынастарымыз күннен күнге нығайып жатыр. Осыдан екі мемлекет басшысының кездесуінде екі жыл бұрын бір жол бір мүдде деген бағдарлама қабылдаған болатын. СОл бағдарлама аясында екі ел арасындағы қарым қатынас кннен күнге нығайып келе жатыр. Біз сіздерге инвестиция іздеп барып жатырмыз, сіздер келіп жатырсыздар инвестиция саламын жаңа жоба іске асырамын деп. Біздің тарапымыздан, облыс тарапынан көптеген қолдаулар көрсетіліп жатыр. Өздеріңізде кейін сұрастырарсыздар.