Мақтаарал ауданы, Хайдар Тугушев ауылы. Мұнда ерекше патриоттық дәстүр қалыптасқан. Ауыл тұрғыны Шокир Бабаев өз ауласында биіктігі 10 метрлік тұғырға Мемлекеттік ту орнатты. Оның отбасы әрбір мерекені Әнұранмен бастап, Туды көкке көтеріп қарсы алады.


Бұл тек отбасы емес, бүкіл ауыл үшін мақтаныш. Шокир Бабаев ұлттық бірлік пен татулықтың символы ретінде мемлекеттік рәмізге құрмет көрсетуді өмірінің маңызды бөлігі санайды. Тәжік ұлтының өкілі саналатын тұрғынның бұл бастамасы Қазақстандағы ұлттық татулықтың жарқын үлгісі. Мемлекеттік рәміздерге деген құрмет тек патриоттық сезімді арттырып қана қоймай, жастарға өнеге береді. Айта кетейік, тудың ені 1 метр, ұзындығы 2 метр. Бұл бастама ел бірлігінің символына айналды.


ШОКИР БАБАЕВ, МАҚТААРАЛ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ

Бұл біздің бірлігімізді нығайтады. Әрбіріміз Отанға осындай құрмет көрсетуіміз керек.