Жыл басынан Түркістан облысының спортшылары жоғары нәтижеге қол жеткізіп отыр. Өткен айдың өзінде олар Шри-Ланка, Қытай елдері мен Астана қаласында өткен чемпионаттарда тек алтын медаль тақты. Байрақты бәскеде жеңіске жеткен сорт саңлақтарын облыс әкімі Нұралхан Көшеров қабылдап, құрмет көрсетті.


Кездесуде даңқты бокс бапкері Мырзағали Айтжанов, бокстан Азия чемпионы Шұғыла Нәлібай мен ескек есуден Азия чемпионы Артём Терещенко сөз сөйлеп, спорт саласына қолдау көрсеткен облыс басшылығына ризашылықтарын білдірді. Алдағы байрақты бәсекелерде жеңісті жолды жалғастыруға күш салатындарын жеткізді.


АРТЕМ ТЕРЕЩЕНКО, ЕСКЕК ЕСУДЕН АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ

Біздің өңірде үлкен жоба қолға алынып отыр. Орталық азиядағы ең ауқымды жобаның бірі олимпиада стандартына сай салынып жатқан ескек есу каналы бар. Бұл біздің спортшылардың әлемдік ареналарда еркін ойын көрсетуімізге үлкен септігін тигізбек.


ШҰҒЫЛА НӘЛІБАЙ, БОКСТАН АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ


Түркістан облысының спортшылары Коломбо қаласында жастар арасында өткен Азия чемпионатында 8 алтын медаль еншіледі. Ал ескек есуден Қытайда өткен Азия чемпионатында 3 алтын медаль жеңіп алды. Сонымен қатар Астана қаласында пара дзюдодан ұйымдастырылған әлем чемпионатында 2 спортшы алтыннан алқа тақты.


НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСНЫҢ ӘКІМІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өз Жолдауында «Спорт – ұлт денсаулығы мен жас ұрпақтың болашағына салынған инвестиция. Біз жас таланттарды қолдауға және спорт инфрақұрылымын дамытуға баса мән беруіміз керек» деп атап өткен болатын. Облыста осы бағытта тиісті жұмыстар жүруде. Жыл сайын жаңа спорт нысандары салынып жатыр. 2024 жылы 73 спорт нысанының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. 2025 жылы тағы 51 нысанның құрылысын аяқтау жоспарлануда. Біз, облыс басшылығы, спортшыларға және олардың бапкерлеріне барынша қолдау көрсетіп келеміз және бұл бағыттағы жұмыстар жалғасады.


Түркістан облысында спорт саласын дамыту бағытында жүйелі жұмыс атқарылып жатыр. Өңірде спорт нысандарының саны артып, халықаралық талапқа сай атшабар мен ескек есу каналының құрылысы жүргізілуде.