Шымкент қаласында «Теңізшевройл» ЖШС делегациясының өңірге сапары аясында жергілікті өндірушілердің қатысуымен кең көлемді көрме-жәрмеңке өтті. Мұндағы мақсат: өңірлік кәсіпорындардың өндірістік әлеуетін таныстыру, жергілікті өндірісті қолдау, сондай-ақ отандық өнім мен қызмет көрсету саласында кооперациялық байланысты нығайту.


Көрмеге 70-ке жуық шымкенттік кәсіпорын қатысты. Олар өз өнімдерін ұсынып, сапасы жоғары, отандық нарыққа бағытталған тауарларын таныстырды. Киім-кешек, өнеркәсіптік тауарлар, азық-түлік өнімдері – көрменің басты бағыттары болды.


БІРЖАН ӘЗІМБЕРДИЕВ, КӘСІПКЕРЛІК БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Өнеркәсіптік өнімдер бойынша құрылысқа, машина жасауға және энергетикаға арналған тауарлар ұсынылды.


Қонақтарға тігін және тоқыма саласының кәсіпорындары заманауи жұмыс киімдері мен күнделікті киім түрлерін көрсетті. Жергілікті табиғи өнімдердің өндірісі қонақтардың таңданысын тудырды.


АБДУАХАТ АРЗЫМБЕТОВ, КӘСІПКЕР

Біз 3 жылдан бері нарықтамыз. Жеміс-жидек пен көкөністерден таза табиғи өнім ұсынамыз. Қазір келіп көріп сұрап жатыр. 35 адамды жұмыспен қамтып отырмыз.


«Теңізшевройл» ЖШС – Қазақстандағы ең ірі мұнай-газ кәсіпорындарының бірі. Компания 1993 жылы құрылған және Атырау облысындағы Теңіз және Королев кен орындарын игерумен айналысады. Компания қазақстандық қамтуды дамытуға ерекше назар аударады және жергілікті кәсіпорындармен серіктестікті кеңейтуді тұрақты түрде жүргізіп келеді.