Нәзір кәсіби қазақ дипломаттарының көшбасшысы, тұғырлы тау тұлға болды. Орталық атқару комитетінің жанынан қазақ, өзбек, түркімен бөлімдерін аштырды.  Қазақ, өзбек, тәжік тілдерінде оқулықтар жазды. Ұлты үшін басын бәйгеге тікті. Сол үшін де үлкен құрметке лайық!

Әлия Бимұратова – №62 Нәзір Төреқұлов атындағы жалпы орта мектебінің директоры

Бүгінгі жиын 10 күндік шараның қорытындысы. Кездесу кеші деп айтылады. Бізге осынау ұлы тұлғаның өмірін насихаттау парыз деп білеміз. Жастар біліп, танып өссін деген мақсатпен қолға алынды. Нәзір ізбасарларын дайындау жолындағы жұмыстар.

Кеште Нәзір Төреқұловты еске алушылар ұлттың ұлы қайраткерін қазақтан шыққан тұңғыш елші және ғалым-ағартушының солақай саясаттың құрбаны болғанын да әңгіме етті. Қазір Шымкенттегі мектепте арнайы мұражай бар. Онда ғалымның өмірі мен қызметін айқындайтын құнды деректер сақтаулы тұр.

Болат  Бихан – Нәзір Төрекқұлов мұражайының жетекшісі

Бұл тарихи мұражай. Бұл жерде Нзір мен Нәзірді қазаққа танытқан Ыбырай қажыға қатысты деректер сақталған. Қуғын-сүргін кезіндегі естеліктер бар.

Қызыл империяның қылышынан қан тамып тұрған заманда Нәзір Төреқұлов Құрбан айтты үш күн демалыс, деп жариялауға, жексенбіні жұмаға ауыстыруға күш салғандығын оқушылар мақтанышпен жеткізді. Ұлы тұлғаның саналы ғұмыры кейінгі ұрпаққа өнеге.

П.Биназарқызы