Қаланың кіреберісінде орналасқан Алаш базары Шымкентпен Түркістан облысының сұранысын қатар қанағаттандыратын алып сауда орыны. Жай күндері сауда қызғанда ішінде жүріп тұруда қиындаушы еді. Ал бүгінде бұл жерге келушілер аз. Барлығы карантин жағдайына байланысты -дейді базар басшысы. Десекте Алашта тұтынушылардың азық-түлік қоры сақталып, санитарлық талаптар күшейтілген.
Берикжан Нуртлеуов – TK «ALASH» базарының директоры
Санитарлық нормалар қатаң сақталуда. Жұмыс уақытын қысқарттық. Барлық сатушыларға маска халат кигізіп талаптарды сақтап жатырмыз. Сонымен қатар қолма-қол ақша алуды тоқтатып каспи голд арқылы төлем жүргізіп жатырмыз.
Сауда орталығында қазір жеміс-жидекпен көкөністің саудасы ғана қызып тұр. Көктемнің көкөзегі келгенде көпшіліктің көкөніске сұранысы артатыны анық. Картоп, сәбіз бағасы көтерілген. Есесіне сұранысқа ие қияр мен қызанақ бағасы біршама төмендеген.
Мақпал Рысбаева – сатушы
Фруктовый овошной өнімдерді төмен бағада ұстап отырмыз. Қазір жергілікті жеміс пісіп баға түсіп жатыр.
Саудагерлер қиын кезең қаржыдан қағылдық –деп мойымайды. Ортақ жүкті жұмыла көтеруге дайын. Базар басшылығы игі шараларға да атсалысқан. Қалада карантинге жабылған 60 отбасыға күнделікті қажетті азық түлік жеткізіп беріп отыр.
К. Дүйсенбі