Оңтүстік Қазақстан Жоғары педагогикалық колледжі бакалавриат деңгейінде «Бастауыш білім беру» және «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» мамандарын даярлайтын статусқа ие болды. Заман талабына сай дәстүрлі іс-тәжірибесі қалыптасқан, ынтымағы жарасқан педагогикалық ұжымның игілікті істерінің арқасында осындай дәрежеге жетті. Қазіргі таңда колледжде 1200-ден астам студент білім алады. Жыл сайын 500 түлек қияға қанат қағады.

Ұжымның осы жетістігіне орай бүгін колледжде арнайы канференция ұйымдастырылды. Оған облыстық білім басқармасының өкілдері мен өзге де орта арнаулы оқу орындарының студенттері келіп, қатысты. Мәжілісте алдын ала іріктеуден өткен 60-қа жуық баяндама тыңдалып, 4 студенттің еңбегі ерекше еленді.

Ауқымды конференция үшін бұл колледждің таңдалуында да өзіндік себеп бар. Мұнда Елбасы ұсынған «Болашаққа бағдар, рухани жаңғыру» мақаласын қолдау жұмыстары қарқынды. Жоғары технологияларды пайдалануда да мүмкіндік зор.  

Мәжілісте конференция қатысушыларына тамаша тарту жасалды. 2014 жылдың қорытындысы бойынша оңтүстік өңіріндегі «Ең үздік колледж»,  ал, 2016 жылы республикалық деңгейде «Сала көшбасшысы-2016» номинациясын иемденген колледж студенттерінің ғылыми жұмыстардағы озат іс-тәжірибелері таратылды. Сонымен қатар, ғылыми жұмыс иегерлеріне сертификаттар мен Алғыс хаттар табыс етілді.

ЖАЗИРА Утенова