«Жұмыс Смарт Нэйшн» бағдарламасы тамыз айында іске қосылды.Бұл ақпараттық порталда білім беру мекемелеріне қажетті барлық бос жұмыс орындары жарияланады. Тамыз айынан бүгінге дейін 16 837 вакансия орналасқан. Оған қатысуға 15 370 үміткер өтініш білдірген. Оның ішінде мұғалімдерден өзге әкімшілік және шаруашылық мамандары да бар.
Елнұр Өтебаев- Түркістан облыстық Цифрландыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасының басшысы 02,10 мысалы физика пәнінің мұғалімі болу үшін сол пәннен 70 пайыздан астам сұраққа жауап беруіңіз керек. Содан кейін барып комиссияға онлайн заявка беріледі. Сіздің тапсырып отырған тестіңіз онлайн түрде жасалады. Оның бәрін тікелей эфирде фейсбук желісінде көруге болады. Оның бәрі ашықтықты қамтамасыз етеді.
Махигүл Қазиева орыс тілі пәнінің мұғалімі. Жақында Атырау қаласынан Кентауға көшіп келген. Келген бойда сайттарға кіріп жұмыс іздеді. Жұмыс смарт нэйшн сайтына кіріп Кентаудағы №19 мектепте орыс тілі пәнінің мұғаліміне бос вакансия бар екенін білді. Содан тест тапсырып бүгінде өз мамандығы бойынша еңбек етуде.
Махигүл Қазиева – Ә.Молдағұлова атындағы №19 мектеп-лицейінің мұғілімі 01,28 Заявка тастадым. Кейін СМС арқылы мені тестілеуге шақырды. Қалалық білім бөліміне барып тестілеуден өттім.Тетілеу нәтижесі оң болды. Себебі мен 6 жыл жұмыс жасадым. Әртүрлі тестілеуден өтіп көргенмін бұдан алдын.
КСМ:Мектеп директорлары аталмыш бағдарлама тек білікті маманды таңдап алуға зор мүмкіндік беретінін айтады.Осы ақпараттық портал бәсекелестікті дамытып, сыбайласьықты жояды,-деген сенімде.
Гүлжахан Қажымбетова- Ә.Молдағұлова атындағы №19 мектеп-лицейінің директоры 03,15 Камералар қойылады. Онда барлық жауабы жазылады. Қосымша құралдар қолданды ма? Қолданбады ма? Бәрі камерадан көрінеді.Біз сапалы білім беру үшін сапалы кадр керек. Оның Жұмыс Смарт нейшн порталы көмек беріп жатыр. Бізге тіркелген мұғалім өзінің білікті екенін көрсетті. Білім сайысына қарап жетістіктерге жетті.
Тамыз айынан бері осы жоба бойынша 4710 мұғалім жұмысқа орналасты. Дәл бүгінгі таңда 199 бос жұмыс орындары бар.
Н.Кенжехан