«Биік-Тассай» спорт кешенінде өтіп жатқан дәстүрлі чемпионат 21 ақпанан бастау алды. 7 күнге жалғасатын турнирдің биылғы ерекшелігі ойын көрермендерсіз өтуде. Дегенмен командалар тартысты ойын көрсетуде. Жарыстың басты фавариті саналатын біздің «Оңтүстік» академиясының түлектері күні кеше Астана командасымен кездесіп 5-0 есебімен жеңіске жетті. Айта кетейік, «Оңтүстік» академиясының аяқ доп шеберлері дәстүрлі бұл турнирде екі жыл қатарынан үздік атанып келеді. Енді осы жолғы жарыстан жеңімпаз атанған 8 команда науырыз айында ақтық сында үздіктерін анықтайтын болады.
Бахыт Кушенов – «Оңтүстік» футбол академиясының директоры
Н.Әбдірашит