«Армандастар» халық ансамбльіне - 55 жыл. Шымкентте осы мерейлі датаға орай шығармашылық кеш өтті. Жарты ғасырдан астам уақыт бойы ел ықыласына бөленіп келген өнер ұжымы бүгінге дейін төл мәдениетімізді түлетіп келеді. Шараға қала әкімі ықылас гүлін жолдап, өнер шаңырағын мерейтойымен құттықтады.
Айта кетейік, Армандасар ансамблінің негізі 1970 жылы қаланған. 3 жылдан кейін «Халық ансамблі» атағымен марапатталып, 1981 жылы Мәскеу төрінде өнер көрсеткен. Ұжымның репертуарында 23 туынды бар. Ол Әсет Бейсеуов, Ескендір Хасанғалиев, Нұрғиса Тілендиев және Шәмші Қалдаяқовтың үздік шығармаларымен толыққан. Бүгінде ансамбль құрамында 12 адам өнер көрсетеді. Бұл кеш – өнер мерекесі ғана емес, халықтың рухани жаңғыруының көрінісі.
МӨЛДІР БАЙДУЛАҚЫЗЫ, МӘДИНЕТ ТІЛДЕР ДАМЫТУ ЖӘНЕ АРХИВТЕР БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Бүгін қаламызда аты аңызға айналған біздің Оңтүстік өлкемізде елімізде Досмұқасан ансамблі ерліктеп кезінде құрылған «Армандастар» ансамблі өзінің 55 жыл шығармашылық кешін беріп отыр.әрине бұл біз үшін өте қуанышты шығармашылық кеш неге десеніз бұл ұмыт қалып жатқан жастар арасында ансамблі бүгін қайтадын тірілткендей осы жастарға қаламыздың тұрғындарына өздерінің шығармашылық кештерін беріп жатыр.