«Армандар орындалады». Балалардың көңіліне қуаныш сыйлайтын жоба Шымкентте жалғасын тапты. Белсенді журналистер ұйымдастырған бұл 31-ші шара. Кезекті жақсылық өңірдегі 17 баланың арманын орындады.
14 жасар Розахметтің болашаққа қойған алып мақсаты әнші болу. Ал бала шақта ерекше жануарларды көріп, ерекше автобуспен саяхаттасам деп армандап жүр екен. Орындалды. Жеткіншектің қуанышында шек жоқ.
РОЗАХМЕТ ВАЛИЕВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
Иә, күшті саяхат болды. Балдармен өте тамаша көңіл күймен жүрміз. Ұйымдастырушыларға алғысымды айта кетейін сіздерге рақмет, осындай саяхат ұйымдастырғаныңызға.
Күні бүгінге дейін аталмыш жоба 31 шара өткізіп, 700-ден астам баланың қуанышына себепкер болса, жүзінен күлкі жиылмаған балғындар мерекенің шырайын аша түсккендей-ақ.
АРДАҚ ЖАҚСЫЛЫҚОВА, «УАҚЫТ ТВ» ДИРЕКТОРЫ
Бұл жерде елдер айтуы мүмкін тендерлік жоба, мемлекеттің тапсырсымен жасалған жоба деп. Жоқ, бұл шын жүректен шыққан жоба. Үйде оқитын, мектепке бара алматйын, қатарластардың қатарына қосыла алмайтын. Партада отыра алмайтын балалардың арманы.Бұл жерде Шымкентке келген әр баланың хатында мен аюды көрсем, қасқырды көрсем деген армандары болды.
Бұл жобаның басты мақсаты – ерекше балардың арманын орындап қана қоймай, өмірге деген қызығушылығын жоғалтпау және қоғам назарын аутизм проблемасына аудару, оларға құрметпен қарау дейді ұйымдастырушылар. Жобаға 5 жастан бастап 15 жасқа дейінгі балалар қатыса алады.
ӘСЕЛ БИМУРЗАЕВА, «АРМАН ҚАНАТ» ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
Нақ бүгінгі келген балалардың арманы осы Шымкенттегі зообақты көру, 2 этажы автобуста серуендеу екен. Осындай армандарын орындап жатқанымызға біз де өзімізді бақытты сезініп жатырмыз. Бұл ерекше балапандарға арналған жобаға биыл 3 жыл толып жатыр.
Тағдырды адам таңдамайды. Ерекше балалардың жай-күйі жақындарына ғана мәлім. Олар ешқашан қоғамда елеусіз қалмайды. Бұл жобаның айтқысы келгені де осы.