18-мамыр – Халықаралық музейлер күні. Осыған орай Шымкентте жыл сайын дәстүрге айналған «Музей түні- 2025» атты мәдени акция ұйымдастырылды. Қала тұрғындары бұл күні ерекше тарихи-танымдық кештің куәсі болып, «Шым қала жәдігерлері» атты жаңа экспозициялық залдың ашылу салтанатына қатысты. Тақырыпты тілшіміз сабақтасын.


«Шым қала жәдігерлері». Жаңадан ашылған залда қала аумағынан табылған көне жәдігерлер, археологиялық экспонаттар қойылған. Олардың қатарында 2017-2020 жылдары қазба кезінде табылған жәдігерлер мен биыл ғана «Бозарық» индустриялық аймағындағы қазбалардан алынған керамика бұйымдары бар.


 МӨЛДР ОҢДАСЫНОВА - МӘДЕНИЕТ, ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ ЖӘНЕ АРХИВТЕР БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

--- 17-20 ж аралығында қала аумағынан табылған жәдігерлердің құжаттары болмағыны үшін біз еш жерге шығара алмаған едік. Министрлік тарапынан комиссия отырысына шығарып, қайта-қайта қадағалаудың нәтижесінде қорымызға құжаттарын алдық. Бүгінгі музей күні аясында ең ерекше оқиға осы болды. 


Іс-шара барысында «Шым қала» тарихи-мәдени кешенінің экспозициялық залдары таныстырылып, этнографиялық бағыттағы «Келі-келсап түю тарихы», «Құрақ көрпе құрау» және «Садақ ату» шеберлік сағаттары өткізілді. Мамандардың айтуынша, «Музей түні» акциясы алдағы жылдары да жаңа форматта жалғасын таппақ. Ұйымдастырушылардың басты мақсаты – музей мәдениетін заманауи талапқа сай етіп дамыту.


ЖАНДОС ҚҰРБАН - МУЗЕЙЛЕР БІРЛЕСТІГІНІҢ ДИРЕКТОРЫ

Шымкент қалалық музейлер бірлестігіне қарасты бес музейде «Музей түні» шарасы өткізіліп жатыр 


Кешкісін қала тұрғындарына арналған концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, түнгі музей көрмелері есігін айқара ашты. Жиналған жұрт экспозицияларды аралап, тарихпен қайта қауышты.