Еліміздің әр азаматы жалпыға бірдей орта білім алып, грант бойынша жоғары оқу орнында тегін оқуға құқылы. Мүмкіндігі шектеулі балаларды дамытудың маңызды мәселелерінің бірі – білім беру. Бұл құжат пен мамандық алу мүмкіндігі ғана емес, ерекше күтімді қажет ететін жандарды әлеуметтендіру мәселесінің шешімі. Сондықтан Қазақстанда инклюзивті білім беруді дамыту қолға алынған.
Бұрындары ерекше күтімді қажет ететін балалар көппен бірге мектепке немесе жоғарғы оқу орнына еркін бара алмайтын. Сондықтан Қазақстанда инклюзивті білім беру жүйесі іске қосылды. Нәтижесінде мұндай жандар көппен бірге білім алып, еңбек етіп, қоғамға пайдасын тигізіп жүр. Мысалы, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университінде 120-дан аса мүмкіндігі шектеулі студент бар. Оларға қолайлы жағдай жасалып қойған.
ӘЛИЯ МАМЫТ, СТУДЕНТТЕРДІ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ
Олардың барлығының трек қолдары мен мүгедектігі бар деп айтуға болмайды. Оның ішінде көз, құлақ кемістігінен студенттеріміз бар. Аяқ қолынан кемістігі мүмкіндігі шектеулі студенттеріміз бар. Сонымен қатар саматикалық дерпен мүмкіндігі шектеулі студенттеріміз бар. Білімге қолжетімді үшін егер тірек жүру жағынан мүмкіндігі шектеулі болса, студенттердің сұранысына қарай сабақ кестелері бірінші қабатқа қойылады.
ҚР Мәжіліс депутаты Таңсәуле Серіков университеттің инклюзивті білім беру жүйесімен танысып, студенттермен кездесті. «Инклюзивті қоғам: білім және қолжетімділік» тақырыбын талқылады. Сондай-ақ оқу ордасында оларға жасалған жағдайды бақылап көрді. Сөзінше елімізде 737 мың мүмкіндігі шектеулі жан бар. Оның басымы оңтүстік өңірінің азаматтары. Арасында білім алатын жастар көп.
ТАҢСӘУЛЕ СЕРІКОВ, ҚР МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ
Біз сол жастарға ертең білі беріп, маман иесі қылып өз нанын өзі тауып жейтіндей жағдай жасауымыз керек. Болмаған жағдайда біз әлеуметтік жәрдемақымен басқамен сол арада қалып қоямыз да. Сол себептен ең үлкен білім ошақтарының бірі осы Әуезов университеті болғаннан кейін білім бағдарламалары бейімделгеннен кейін, ең көп мүгедектігі бар балалар осы университетте оқығананн кейін де сол сутденттермен кездесіп, пікір алмасып біріншіден болашағына бір үміт сыйлайтындай кездесу әңгімелесу пікір алмасу олардан да біздің үйрнуіміз көп.
Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолдау көбейген. Қазіргі таңда парламент қабырғасында инклюзивті парламент тобы жұмыс істейді. Мәжілістегі 98 депутаттың 20-сы осы топ құрамында. Сондай-ақ парламентке ұсынылған 6 фракциядан 6 азамат ерекше күтімді қажет ететін жандар қатарына жатады.