«Достық дастарханы». Шымкентте осындай атаумен ұлттық ас фестивалі өтті. Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған ерекше форматтағы халықаралық мәдени іс-шарада дайындалған 100 келі палауды еріктілер балалар үйлері мен көпбалалы отбасыларға таратып берді. Бұл күні шаһардың «Ең жас», «Ең үлкен», «Жылдың үздік аспазы» мен «Көпшілік қошеметіне лайық аспаздары» анықталып, марапатталды.


2022 жылдан бері «Достық дастарханы – Шымкент палауы» деген атаумен өткізіліп келеді. Мақсат – елдегі бірлік пен достықтың көрінісін осы іс-шара арқылы насихаттау. Бір дастархан басында барша ұлт өкілдері отырып, бас қосатынын жұртшылыққа паш ету.


СӘРСЕН ҚҰРАНБЕК, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ, РЕСМИ ӨКІЛ

 біз үшін дастархан киелі ұғым, бұл – берекенің басы. Ұлттық мәдениеттің өзегі болған осы құндылықты дәріптеу бағытында «Достық дастарханы» жобасы қаламызда 2010 жылдан бері жүйелі ұйымдастырылады.


Фестивальдің басты нышаны – көпшілікке дайындалған дәстүрлі палау болды. Бірақ бұл жай ғана ас емес, ел бірлігі мен ұлттар достығының символына айналған тағам ретінде жаңаша мағынаға ие.


 ӘЛІШЕР САТЫБАЛДИЕВ, ҚР СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ

Бұл бастама – еліміздегі достық пен өзара сыйластықты, мәдениетіміздің алуан түрлілігі мен берік бірлігімізді айқындайтын маңызды іс-шаралардың бірі. Бәрімізге мәлім, Қазақстан – бейбітшілік пен келісімді ту еткен, түрлі этнос өкілдері бір тудың астында тату өмір сүріп жатқан мемлекет.


Биылғы фестивальдің ерекшелігі – Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай 30 қазан палау әзірленіп, әр қазанға «Бірлік», «Достық», «Жеңіске 80 жыл», «Бәйтерек» секілді мәні терең атаулар берілді.


ТАХИРБЕК НЫШАНБАЕВ, ҚАЛАЛЫҚ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

 Мұндай ынтымақ – халқымыздың тарихи таңдауы, көреген саясатының жемісі әрі жарқын болашаққа деген сенімінің айғағы


Мерекеге Өзбекстан мен Әзірбайжаннан келген үздік аспаздар арнайы шақырылып, шеберліктерін паш етті. Олар түрлі әдіспен палау дайындап, қонақтарды таңғалдырды. Солардың арасында Хасан Шамұратов та бар.


Фестивальде арнайы қазандарда дайындалған 100 келі палауды еріктілер балалар үйлері мен көпбалалы отбасыларға таратты. Жақсылық жасауға үндейтін игі бастама келер жылы да ұйымдыстырылмақ.