Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Түркістанда өткен «Заман мен мәдениет диалогындағы Ясауи мұрасы: гуманистік бағыт-бағдар мен заманауи сын-қатерлер» атты халықаралық симпозиумның ашылуына қатысты.


Мемлекет басшысы симпозиум өткізу туралы бастаманы Ұлттық құрылтайдың Атырауда өткен үшінші отырысында көтерген болатын. Президент алқалы жиында: «Қожа Ахмет Ясауи мұраларын терең зерделеп, дәріптеуге де айрықша назар аударған жөн. Бұл мәселе бойынша ең әуелі өз еліміздің және шетелдің ғалымдарын шақырып, арнайы симпозиум өткізу қажет» деген еді. Мемлекеттік кеңесші жиында Қасым-Жомарт Тоқаевтың симпозиумға қатысушыларға арналған құттықтау хатын оқыды. Алқалы отырысқа еліміз бен Әзербайжан, Германия, Үндістан, Иран, Италия, Қырғызстан, Ресей, АҚШ, Тәжікстан, Түрікменстан, Түркия, Өзбекстан және Жапония елдерінен келген жүзге жуық белгілі ғалымдар қатысып жатыр. Симпозиумдағы тақырыптық секциялар аясында Ясауи мұрасының түрлі қырларын қамтитын ғылыми баяндамалар жасалып, пікірталастар болды. Сондай-ақ ғалымдар өзара тәжірибе алмасты.


 ЕРЛАН ҚАРИН, МЕМЛЕКЕТТІК КЕҢЕСШІ

 Қожа Ахмет Ясауи ұлт рухани атында айрықша орны бар тарихи тұлға адамзат өркинеті алтын қорына баға жетпес қазына болып қосылған диуани хикмет шығармасындағы бабамыздың өсиеттері мен гуанистік әрдайым өзекті оның мол мұрасын жаңжақты дәріптеу отандық және халық аралық ғылыми қауымдастық алдында тұрған манызды міндеттің бірі түкі әлімінің рухани астанасы Түркістанда өтіп жатқан бүгінгі алқалы жиын Ясауи еңбектерін зертеуге жалпы мәдени байланыстарымызды нығайту тым серпін береді деп сенемің.