Шымкент қаласының «Әзіл-сықақ және сатира» театрында «Есті ене, көргенді келін» атты қалалық байқау өтті. Оны Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы ұйымдастырды. Сайыс дана аналарымыздың өмірден көрген-түйгендерін келіндерге үлгі етіп, тәрбиесін дәріптейді.
Іс-шараның мақсаты – отбасы құндылықтарын көрсетіп, ұмыт бола бастаған салт-дәстүрді қайта жаңғырту және ене мен келін өнегесін паш ету. Байқауға Шымкент қаласының бес ауданынан келген үміткерлер қатысты.
ГҮЛШАТ ЖАҚАНҚЫЗЫ, ӘДЕТ-ҒҰРЫП ЖӘНЕ САЛТ-ДӘСТҮР ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІІ
Жалпы ұйымдастырылуы биыл үлкен сахнада бірінші рет. Алдағы жылдары да дәл осы байқауды кең көлемде Республика көлемінде ұйымдастыру ойымызда бар . Байқаудың негізгі ерекшеліктері бұл жерде жалпы байқаудың шарты бойынша келін мен ене өзінің ортасындағы сыйластықты көрсетеді.
Сайыс бес кезеңнен тұрды. Алдымен қатысушылар өздерін таныстырып, ізет-инабаттылық пен отбасындағы сыйластықты көрініс арқылы көрсетті. «Тосынан туған жағдайды реттеу» бөлімінде келіндерге түрлі сынақ тапсырмалары берілді. «Салт-дәстүр – асыл қазынам» кезеңінде сұрақ-жауап арқылы білімдері сыналды.
ЗИНАГҮЛ ЕРТАЕВА, САЙЫСҚА ҚАТЫСУШЫ
Қазақтың салт -дәстүрін қолға алайық деп осы істерге араласып жатырмыз іс-шараларға . Келінім бірге тұрады , 4 немерем бар қолымда . Бәрі жақсы тату тәтті тұрамыз .
«Есті ене, көргенді келін» байқауы ұлттық тәрбиені насихаттап қана қоймай, отбасы құндылығын ұлықтаған тағылымды іс-шараға айналып отыр.