Шымкент төрінде тұңғыш рет мемлекет және қоғам қайраткері, халқымыздың ардақты ұлы Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаевты еске алуға арналған турнирі өтті. Дзюдодан жасөспірімдер арасындағы халықаралық турнирде 2009-2010 жылы туылған балалар бақ сынасты. Тартысты доданың ашылу салтанатына арна тілшісі Кенжехан Дүйсенбі қатысып қайтты.


Бұл айтулы додада Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Моңғолия және Қазақстанның түкпір-түкпірінен жас спортшылар жиналды. Бас аяғы 650-ге жуық татами шеберлері өзара мықтыларды анықтауда. Олар жүлде үшін ғана емес, ел намысы мен спорт абыройы үшін де күресіп жатыр.


 ЕРМЕК ДӘРМЕНОВ, ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ

Алдағы үлкен Қазақстан чемпионаттары бар. Алдағы Азия чемпионаттарына осындай жарыстар арқылы таланттар шығады алдағы уақытта. Халықаралық турнирдің мақсчаты үздік талантты балаларды анықтау.


Дінмұхаммед Қонаевты еске алуға арналған бұл жасөспірімдер арасындағы халықаралық турнир бірінші рет ұйымдастырылып отыр. Мұндай доданы алдағы уақытта дәстүрге айналдыру көзделген. Дара тұлғаның құрметіне өтіп жатқан жарысқа әлемге танымал дзюдошылар келді. Солардың бірі – Париж Олимпиадасының жеңімпазы Елдос Сметов.


ЕЛДОС СМЕТОВ, ПАРИЖ ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ

Дінмұхаммед Қонаев атамыздың атынан алғаш рет жарыс өтіп жатыр. Сол жарыста шын мықтылар шыңдалып ертең күні бізден де асып кеткен бізден де атақты абыройлы болатын спортшылардың шығуына шын жүректен тілектеспін. Осы жарысты ұйымдастырып жатқан ағаларымызға алғыс білдіремін. Жастарымыз мықты болсын.


Мегаполистегі Жеңіл атлетика спорт кешенінде өтіп жатқан халықаралық турнир екі күнге жалғасады. 23-ші тамызда финалдық кездесулер өтеді. Бұл жарыс – жас буынға үлгі, спорт сүйер қауымға мереке, ал көрермен үшін нағыз тартысты да қызықты спорттық сайыс .