Түркістан қаласында тұңғыш рет әуесқой футболдан чемпионат өтті. Жарысқа үш мыңнан астам ойыншы қатысып, үздіктер финалда анықталды.


Алғашқы кезең ауылдық округтерде өтіп, оған 186 командадан 3300-ге жуық ойыншы қатысты. Іріктеуден өткен құрамалар екінші айналымда сынға түсті. Финалға Мақтаарал, Қазығұрт, Ордабасы аудандары мен қала командасы жолдама алды. Өңірде спортқа ерекше көңіл бөлінген. Бүгінде 92 мыңнан астам тұрғын жүйелі түрде спортпен шұғылданады. Оларға 2 мың 440 жаттықтырушы қызмет көрсетеді. Жыл басынан бері жергілікті спортшылар Әлем, Азия және Қазақстан чемпионаттарында жалпы 1 122 медаль жеңіп алды. Ұлттық құрама сапында облыстан 766 спортшы бар. Ұлттық спорт түрлерінен де жетістік бар. Көшпенділер ойындарында түркістандықтар 31 медаль иеленіп, республика бойынша көш бастады.


НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Бұл мереке кәсіби спортшылармен бапкерлерге ғана емес барлық спорт жанкүйерлерімен салауатты өмір салтын ұстанатын әрбір адам үшін атулы күн Түркістан өңірі әрқашан Қазақ спортына серпін берген қасиетті аймақ Бүгінгі таңда обылыста 101 спорт мекмесінде 92148 спротшы спорт түрлерімен шұғылданады.