Шымкентте шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыспен қамтылғандар саны 10,3% - ға өскен. Өндірілген өнім көлемі бойынша осы кезеңде 865,5 млрд теңгені құрап, 24% - ға артқан. Жалпы өңірлік өнімдегі шағын және орта кәсіпкерліктің үлесі 57,5% - ға жетті.


Сонымен, қатар бүгінде қаламызда шағын өнеркәсіп аймақтарды салу бағдарламасы шеңберінде 3 жоба іске асырылуда. Жоспарға сәйкес 150-ден астам шағын кәсіпорын ашылып, 500 адам жұмыспен қамтылатын болады. Қаланың өндірістік әлеуетін арттыру мақсатында қолданыстағы 5 өндірістік алаңға қосымша 438 га аумақта «Жұлдыз» және «Бозарық» индустриялық аймақтары қосылып, қалада жалпы 7 өндірістік алаң жұмыс істеуде. 2025-2030 жылдар аралығында қала аумағында жүзеге асырылатын инвестициялық құны 4,9 трлн теңгені құрайтын 26 мыңнан астам жаңа жұмыс орындарын құрумен 212 жобаның пулы жасақталды. Жобалар тек жергілікті емес, сонымен қатар шетелдік инвесторлардың қатысуымен жүзеге асырылады. Ірілеріне тоқтала өтсек, түрік капиталының қатысуымен «Alsera KZ» және «Fabe Agro» компаниялары заманауи жылыжай кешенінің құрылысы, алкилат пен полипропилен өндіретін отандық «Intertrans» ЖШС, қытайлық «Shaanxi Construction» компаниясы бу-газ қондырғысының құрылысы жобасы.