«Адал азамат». Абай саябағында өткен ашық алаң осылай аталды. Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай ұйымдастырылған іс-шараға еліміздің тарихшы, әлеуметтанушы, дінтанушы, теолог, психолог мамандары мен белсенді жастар қатысты. Олар хакімнің қара сөздеріндегі философиялық ойлар мен тағылымды жырларынан тәбәрік алып, қоғамда орын алып жатқан оқиғаларды сабақтастырып жеке пікірлерін ортаға салды.
Белсенді жастардың қатарында 8 сынып оқушысы Сағымжамал Абдусаттарова бар. Ол ұлы ақынның өлеңдерімен сусап өскен. «Өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек бекер мал шашпақ» екенін санасына түйіп келеді.
САҒЫМЖАМАЛ АБДУСАТТАРОВА, ОҚУШЫ
Абайдың бүкіл өлеңдері тұнған білім десемде болады . Бір өлеңін айтып кетсем.
Өлсем, орным қара жер сыз болмай ма?
Өткір тіл бір ұялшақ қыз болмай ма?
Махаббат, ғадауат пен майдандасқан,
Қайран менің жүрегім мұз болмай ма?
Амалсыз тағдыр бір күн кез болмай ма?
Біреуге жай, біреуге тез болмай ма?
Асау жүрек аяғын шалыс басқан,
Жерін тауып артқыға сөз болмай ма?
Ашық алаңда қоғамдағы адалдық, әділеттілік, адамгершілік құндылықтары талқыланды. Мамандар Абайдың қара сөздерінде көтерілген адалдық пен әділет тақырыптарының жастар тәрбиесіндегі маңызын атап өтті. Сонымен қатар қазіргі қоғамда парасатты, әділ әрі адал азамат болудың жолдары талқыланды.
ЖАНДАУЛЕТ СҮЛЕЙМЕНОВ, ТЕОЛОГ, ДІНТАНУ САРАПШЫСЫ
Қазір біз осы Шымкент қаласынан осы 3 күндік іс сапармен кіліп жатырмыз . Соныңда бірі осы Абай бабамыздың 180 жылдық осы бүгінгі іс-шараға орай қатысып. Негізгі іс-шараның мақсаты қазір келіп жатқан міне өскелең жас ұрпақтарға, оқушыларға осы біздің Абай бабамыздың жүріп кеткен жолын, ғылымын өзін мұраларын таныстыру
Жастар мамандарға сұрақ қойып, пікір алмасты. Іс-шара ашық алаң форматында еркін пікір айтуға мүмкіндік берді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай жобалар жастардың ой-өрісін кеңейтіп қана қоймай, елдік құндылықтарды дәріптеуге септігін тигізеді.