Еліміз 1995 жылы өзінің талғам-талқысынан өткен басты құжаты – Конституциясын жүрек қалауымен қабылдады. Жасампаздықтың жаңылмас жарғысы болған бұл Конституция барша жарқын істеріміздің қайнар бастауына айналды. Қастерлі құндылығымыздың қағидаттарын бұлжытпай орындаудың нәтижесінде біз қысқа мерзімде мызғымас мемлекетімізді орнатып, Тәуелсіздігімізді тұғырлы еттік.
Ата Заң тәуелсіздігіміз бен тұтастығымыздың кепілі ретінде бірлігімізді бекемдеп, елдегі тұрақтылық пен татулықтың берік тұтқасына айналды. Конституция мемлекеттік биліктің қайнар көзі – халықтың өзі екенін айқындады. Жаңа Конституцияны қабылдау арқылы Қазақстан жаңа дәуірге қадам басты. Осы мерейлі межеге биыл 30 жыл толып отыр. Ата Заңымыздың қабылдануы, мемлекеттік рәміздеріміз – Елтаңба, Ту мен Әнұранның бекітілуі, ұлттық валюта – теңгенің енгізілуі Қазақстан мемлекетінің қалыптасуындағы аса маңызды кезеңдер болды. Әрбір азаматы өзін тең сезінетін, татулығы жарасқан қазақ елі – Қазақстан халқының қарымды істері бүгінде әлем жұртшылығына үлгі-өнеге болуда. Конституциядағы заң үстемдігі – баршаға бірдей мүмкіндік береді.
БҰХАРБАЙ ПАРМАНОВ, ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ТӨРАҒАСЫ
Еліміздің өркендеуі – азаматтарымыздың әл-ауқатына, тікелей заң үстемдігіне байланысты. Заң үстемдігі бар жерде әділеттілік орнайды. Әділеттік бар жерде татулық пен келісім болады. Еліміздің өсіп-өркендеуіне халқымыздың татулығы да осы заң үстемдігінің арқасы деп ойлаймыз. Бүгінде еліміз өсіп, өркендеп келеді.