Шымкентте дәстүрлі тамыз кеңесі өтті. Бұл жолы жиынға техникалық және кәсіптік білім беру саласының өкілдері – колледж директорлары, оқытушылар мен мамандар жиналды. Кеңестің басты мақсаты – Астанада өткен республикалық конференцияда Мемлекет басшысы айтқан негізгі бағыттарды аймақ деңгейінде жүзеге асыру тетіктерін талқылау.


Қазіргі таңда еңбек нарығы білікті жұмысшы мамандарға мұқтаж. Осыған байланысты колледждер өндіріс орындарымен тығыз байланыс орнатып, студенттердің теориялық білімді тәжірибемен ұштастыруына мүмкіндік бермек. Бұл – жастардың жұмысқа орналасуын жеңілдетіп қана қоймай, ел экономикасына қажетті кәсіби кадр даярлау ісін жаңа деңгейге көтереді.


ҚЫМБАТ КӨБЕЕВА, ҰСТАЗ

Ұстаздарды, өндірістік оқуыту шеберлерінің мәртебесін көтеретіндей бастамалар айтылып жатыр. Жалпы қазір жұмысшы мамандықтар жылы аясында студенттерге оқыту шеберлерінің қызметкі ерекше болып отыр.


Кеңесте сонымен бірге «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында атқарылатын шаралар сөз болды. Қоғамда техникалық мамандықтардың беделін арттыру, жастарды кәсіптік бағыттауға басымдық беру – негізгі міндеттердің бірі. Әсіресе инженерлік, құрылыс, ауыл шаруашылығы мен IT саласына бейімделген кадрлар даярлау ісі ерекше назарға алынды.


ЖАСҰЛАН МАРАТҰЛЫ, БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ МАМАНЫ

Дуалды оқыту әдісін жүзеге асыру. Яғни техникалық білім ала отырып, жұмысты қатар істеп, өндіріс орнында тәжірибе жинақтау басты мақсат.


Іс-шара барысында алдағы оқу жылына қойылған мақсаттар айқындалды. Олардың қатарында білім сапасын арттыру, заманауи оқу бағдарламаларын енгізу, педагогтердің кәсіби біліктілігін жетілдіру және цифрлық білім беру құралдарын кеңінен қолдану бар.