Биыл ҚазМұнайГаздың еншілес кәсіпорны - Шымкент мұнай өңдеу зауытына - 40 жыл. Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етіп отырған алып кәсіпорын бүгінде өндіріс көлемін арттырып қана қоймай, жаңа инвестициялық жобаларды іске асыруда. Заманауи технологиямен жабдықталған өндіріс орны жылына 6 млн тонна қуаттылықты еңсеріп отыр.


Шымкент мұнай өңдеу 2025 жылдың қаңтар-шілде айларында 3,58 миллион тонна мұнай өңдеген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 520 мың тоннаға артық. Бүгінде дизель отынының тәуліктік өндіріс көлемі 6,4 мың тоннаға жеткен.


ГҮЛЖАН ҚАРАҚҰЛОВА, МҰНАЙ ӨҢДЕУ ЗАУЫТЫНЫҢ ЗЕРТХАНА МАМАНЫ

Сынау зертханасы қазіргі кезде заманауи жаңа Эвропалық қондырғылармен жабдықталған. Осы кабинетте технологиялық қондырғыдағы газдарды, бензинді бақылаймыз, олардың көмірсутек қоспаларын анықтаймыз. Биыл бензин құрамын анықтайтын қондырғы алдық. Атомник деген қондырғы алдық.


Зауыттың дамуына қомақты инвестиция салынды. Соңғы ірі жаңғырту жобасының құны 1,85 миллиард АҚШ долларын құрады. Нәтижесінде өнім сапасы Еуро-4 және Еуро-5 стандарттарына сәйкестендірілді. Ауыр мұнай қалдықтарын қайта өңдеуге мүмкіндік беретін каталитикалық крекинг қондырғысы іске қосылды.


 НҰРЛАН ИЗЕНОВ, МҰНАЙ ӨҢДЕУ ЗАУЫТЫНЫҢ ЦЕХ БАСШЫСЫ

Мұнайдың қалдығы болып ексептелетін мазутты ары қарай вакум жағдайында өңдеп, одан каталитикалық крекинг қондырғысы бар, жаңғыру жобасымен салынған, соған шикізат ретінде беріледі. Мазуттан қалған өнімнен жеңіл өнімдер шығарылады. Яғни бензин мен дизель отыны шығарылады.


ӘЛІБЕК ЖОЛДАСБЕК, МҰНАЙ ӨҢДЕУ ЗАУЫТЫНЫҢ ЦЕХ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Қондырғыларды басқару толығымен осы орталық операторлық пультінде басқарылады. Сол арқылы техникалық үдеріске өзгертулер мен тиолықтыру енгізуге мүмкіндік беретін орталық болып табылады. Өндірістік қаіуіапсіздікті қамтамасыз ету саласы бойынша арнай бейнебақылау жұмыс істейді.


 Зауыттың орталық зертханасы тәулігіне мыңдаған сынаманы тексеріп, жанармай сапасының халықаралық талапқа сәйкес болуын жіті қадағалайды. Биылғы жеті айда 10 мыңнан астам сынаманы зерттеліп, өнімнің К4 және К5 стандарттарына сәйкес екенін растады.