2027 жылдан бастап еліміз денсаулық сақтау саласын қаржыландырудың сақтандыру моделіне кезең-кезеңімен көшпек. Мемлекет басшысы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңға өзгерістер енгізді.


Жаңа заңға сәйкес, жарналар көлемі, медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасы артады. Сондай-ақ халықты қамту аясын кеңейту көзделген. 2026 жылдан бастап «Бірыңғай медициналық көмек пакеті» іске қосылады. Бұл қадам денсаулық сақтау жүйесін тұрақты әрі әділ етуге бағытталған.


НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Медициналық қызметтің сапасын қатаң бақылауды тапсырамын .2025 жылы бекітілген көрсеткіштердің толық орындалуын қамтамасыз етуді тапсырамын. 


 Соңғы деректерге сәйкес, сақтандырылған азаматтардың үлесі 83 пайыздан асқан. 2027 жылдан бастап денсаулық сақтау шығындарының 65 пайызы – МӘМС есебінен, 35 пайызы – мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылмақ. Бұл үлгі халықтың барлық санатына медициналық көмекті әділ әрі теңдей қолжетімді етпек.


БАХЫТ ИСМАХАНБЕТОВ, ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ҚОРЫ КЕАҚ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ

Негізгі мәселе мәміс жүйесі есебінен 65 пайыз және 35 пайыз бюджед қаражаты есебінен ,бұл сақтандыру модельі деп атаймыз. Яғни мәмістің сақтандыру модельі осы енгізілген өзгерістердің негізгі мақсаты деп айтуымызға болады.


Мамандардың айтуынша, жаңартылған сақтандыру жүйесі азаматтардың өмір сүру сапасын арттыруға, медициналық қызметтің әділеттілігін қамтамасыз етуге жол ашады.